Жарықтың шағылуы. Түсу бұрышы және шағылу бұрышы
Жарық жылтыр бетке түскенде шағылысады. Мысалы әйнек бетінен:
Жарықтың шағылуы дегеніміз осы. Жарық метал бетінен, су бетінен, шыңы бетінен және тағы сол сияқты жылтырлығы бар заттардан шағылысады.
Түсу бұрышы және шағылу бұрышы
Сәуле тегіс бетке түскенде, осы бетке жүргізілген перпендикуляр мен жарық сәулесі арасындағы бұрышты түсу бұрышы дейміз:
Түсу бұрышы суретте альфа әрпімен белгіленді. Ал шағылысқан сәуле мен бетке түсірілген перпендикуляр арасындағы бұрыш шағылу бұрышы деп аталады. Бұл суретте бета символымен белгіленген.
Жарықтың шағылу заңы
Тегіс бетке түсірілген жарық сәуленің түсу бұрышы оның шағылу бұрышына тең. Және бұл екі бұрыш пен осы бетке түсірілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
Жарықтың шағылу заңы дегеніміз осы. Бұны қысқаша шағылу бұрышы түсу бұрышына тең деуге болады.
Мысалы жарық жылтыр айнаға 300 бұрышпен түссе, бұның түсу және шағылу бұрыштары қандай?
Біріншіден схемасын сызамыз:
Жылтыр айнамыз көк түсті, жарығымыз қызыл түсті ал бетке түсірілген перпендикуляр жасыл түсті. Көк сызықпен қызыл сызықтың арасы 300, сондықтан түсу бұрышы, бұл қызыл сызықпен көк сызықтың арасы 600. Неге? Себебі көк сызықпен жасыл сызықтың арасындағы бұрыш тік (900), 900 - 300 = 600.
Сонымен түсу бұрышымыз 600, ал шағылу бұрышы неге тең?
Пән: Физика