×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Фонетика. Графика

Создание интернет магазина

Фонетика. Фонетика (гректің phonetikos - "дыбыс" сөзінен алынған) - тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты "дыбыс" дейді. Дыбыс - сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады жіне естиді.

Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады.Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, бөбешік, тіс, таңдай, жақ, ерін т.б. 

Графика. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні "әріп" дейді. Яғни әріп - дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.

Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын "алфавит" (әліпби) дейді. Қазақ тілінің әліпбиі 42 әріптен тұрады. Оның тоғызы қазақ тілінің өзіне тән әріптер - ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, і, һ, қалған 33-і - орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер. Тіл дыбыстары екі үлкен топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Пән: Қазақ тілі