×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ыбырай Алтынсарин

Создание интернет магазина

Өмірі. Ыбырай Алтынсарин - қазақтың алғашқы, жаңашыл педагогі, ағартушы, жазушы. Ол  қазіргі Қостанай облысының аумағында 1841 жылы дүниеге келген. Орынбор орыс-қазақ мектебін 1857 жыды үздік бітірген Ыбырай екі жылдай өз ауылында аудармашы болып қызмет істейді. 1860 жылдан ұстаздық қызметпен терең айналысып, халық мұғалімі деңгейіне көтеріледі. Торғай өлкесінде өзі армандаған бірнеше қазақ мектептері мен интернатын ашады. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаған, тұңғыш  ағартушы педагогіміз Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы өмірден озады.

Шығармашылығы. Ол ашқан мектептерінде өзі жазып, құрастырған оқулықтарды  қолданады. "Қазақтарды орыс тіліне үйретудің бастапқы басшылығы", "Қазақ хрестоматиясы" 1879  жылдары орыс әліпбиінің негізінде жарық көреді. Бұл еңбектерінде ол Л. Толстойдың, К. Ушинскийдің, И. Крыловтың , сондай-ақ өзі жазған мысал, әңгімелерін де енгізеді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Таза бұлақ", "Бай баласы мен жарлы баласы", "Әке мен бала",  "Асыл шөп", "Аурудан аяған күштірек", "Мейірімді бала" және т. б, шығармалары  қазақ балаларын  оқуға ынталандыруда, тәрбиелеп-баулуда өте үлкен әсер-ықпалы болдды.

Пән: Қазақ әдебиеті