×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жұбан Молдағалиев

Создание интернет магазина

Өмірі. Қазақ  әдебиетіндегі көрнекті, ұлтжанды ақындардың бірі -Жұбан Молдағалиев. Ол бүгінгі Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында, "Жыланды" деген мекенде 1920 жылдың 5-қыркүйегінде дүниеге келген. Соғыстан елге келгеннен кейін "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде  үзілістермен  ұзақ уақыт қызмет істейді. Кейін Қазақстан Жазушылар одағында алдымен екінші хатшы, сегіз жыл үзілістен кейін бірінші хатшылық қызметтерін атқарады. Ақын 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін сол кездегі республика басшылығына алғашқылардың бірі болып, ресейлік озбыр саясатты ашына сынап, жастарға араша түсіп, тарихи ерлікке  барады. Сөйтіп, өзінің азаматтық Отаншылдығын көрсетеді. Келесі жылы қайтыс болған.

Шығармашылығы. Заман құбылыстарына  сергек қарап,.ақындық-азаматтық белсенділігі мен парасаттылығынан танбаған ақын өлең-жырларында да сол позицияны мықты ұстанған. Содан болар, оның поэмалары қашанда биік деңгейден көрініп, мемлекеттік сыйлықтардан құр қалмаған. Мәселен, өр күйші Құрманғазы туралы "Кісен ашқан" поэмасына 1970 жылы республикамыздың Мемлекеттік сыйлығы берілсе, "Сел", "Қыран дала" поэмалары 1978 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады. Сондай-ақ ақын КСРО Қорғаныс министрлігінің сыйлығы мен А. Фадеев атындағы медалінің және т.б. сыйлықтарының иегері. 

Ақынның "жыр туралы жыр" дастаны татар ақыны, Кеңес Одағының батыры Мұса Жәлелдің өмірі мен шығармашылығын арқау етеді. Неміс түрмесінде жатып, қанымен жыр жазған қаһарман ақынның өршіл рухын асқақтата жырлап, бүкіл адамзатқа паш етеді. Поэма көптеген тілдерге аударылып,  Татарстанның Құрмет грамотасымен марапатталады.

Ал, кеңес билігінде жүріп, орыс отаршылдығын сынаған, қазақтың рухын биікке көтерген "Мен - қазақпын!" поэмасы сол уақытта үлкен ерлікпен пара-пар еді. 

Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім,

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -

Айта бергім келеді, айта бергім,-

деп жырлаған жалынды ақынның бұл поэмасы халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятып, қазақ азаматтарының өз ұлтына құрметпен қарап, отаншылдығын нығайтуына үлкен үлес қосты. 

Пән: Қазақ әдебиеті