×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қанжығалы Бөгенбай Ақша ұлы

Создание интернет магазина

Қазақтың әйгілі батыры, қолбасшысы және елшісі - Қанжығалы Бөгенбай Ақша ұлы 1680 жылы дүниеге келген. Бұл заманда қазақ пен жоңғар арасында соғыс өршіп тұрған еді. Қазақтарға талай рет жоңғарлар соғыс ашып, талай зардабын тигізген. Көп қалаларымыз дәл осы жылдары қираған.

Жоңғарларға қарсы соғысты ұйымдастырушылардың бірі осы Бөгенбай батырымыз.

17 ғасырда Жайық пен Еділ өзендерінің бойында Ресейден келген казактар қоңыстана бастаған еді, жоңғарлармен шайқасып тұрған қазақ хандары бұған мән бермеді. Ал 18 ғасырдың басында, осы казактар Кіші жүздің қазақтарының ауылдарын шаба бастады.

Бөгенбай батыр 1708 жылы (басқа деректерде 1709 жылы) әз-Тәуке ханның бұйрығымен орыс-казактарын Еділ өзенінің арғы бетіне дейін қуған. Тыныш жатқан елді шапқан жауларды елден қуған.

1710 жылы үш жүздің басшылары - хандары, сұлтандары, билері, ру басылары, батырлары Қарақұмда жиналады. Жиналу себебі жоңғар мәселесі. Бұл жиында жоңғарларға қарсы күш жинау жайында шешім қабылданады және Бөгенбай батыр бүткіл қазақ қолының бас сардары етіп бекітіледі.

1723 жылғы Ақтабан шұбырынды басталғаннан кейін Бөгенбай жоңғар басқыншыларына алғашқылардың бірі боп тойтарыс берген, ел арасынан жасақ құрып жоңғарларға қарсы соғысқан.

Кейінгі жылдары Бөгенбай батыр Бұланты, Аңырақай сияқты шайқастарда елмен бірге соғысады. Бөгенбай батыр Абылай ханды қолдаған көсемдердің бірі еді. Осы Абылай хан бастаған батырлармен Жоңғар хандығын мейлінше әлсіретеді. Қазақ жерінен жоңғарларды қуып шығады.

Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін, қазақ жеріне қытай әскерлері ене бастайды. Бұларға қарсы күресте де Бөгенбай батыр, қолбасшылық дарынымен көзге түседі. Қазақ жеріне қытайларды кіргізбей қуып шығады. Бұл заманда Қытай аса бай әрі қуатты елдердің қатарында еді, бірақ қазақ батырларының соққысына шыдай алмай қайта шегінді.

Бөгенбай батыр 1778 жылы қайтыс болады, аса құрметті батырды Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерлеген.

Пән: Тарих