×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бейімбет Майлин

Создание интернет магазина

Өмірі. Бейімбет Майлин - қазақтың көрнекті классик жазушыларының бірі. Проза, поэзия, драматургия жанрларында өнімді де үлгілі шығармалар қалдырды. Дәуір шындығын, ауыл адамдарының өмір-тұрмысын, адамдарының психологиялық, этнографиялық мінез-қасиеттерін дәл бере білген. Әңгімелері шағын-шағын, шымыр өрілген, айтар ойын қарапайым да көркем тілмен жеткізе білген. Бүгінгі жазушыларға да үлгі-өнеге болып келеді.

Б. Майлин қазіргі Қостанай облысының Тобыл ауданында 1894 жылы дүниеге келген.Ол ес жиғаннан өмір бойы "Ауыл", "Еңбекші қазақ", "Ауыл тілі", "Жаңа әдебиет", "Қазақ әдебиеті" сынды басылымдардың басшылық қызметтерінде еңбек етті. Ол дарын-қауты кемеліне келген кезде 1938 жылы жазықсыздан-жазықсыз репрессия құрбаны болды.

Шығармашылығы. Ол аса өнімді жазған жазушы. Уфада оқып жүрген кезінде ең алғашқы көлемді әңгімесі - "Шұғаның белгісі" жарық көреді. Бұл шығармасы бүгінге дейін қазақ әдебиетінің классикалық үлгісі саналады. Шығарманың көтерген жүгі - сол кездегі әйел теңсіздігі мәселесі. Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық  өмірі суреттеледі. Жастардың  әлеуметтік теңсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелей білген.

Бейімбеттің "Раушан - коммунист", "Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры", "Арыстанбайдың Мұқышы","Талтаңбайдың тәртібі","Ұлбосын" т.б. бүгінге дейін маңызын жоймаған шығармалар.

Пән: Қазақ әдебиеті