×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жүсіпбек Аймауытов

Создание интернет магазина

Өмірі. Жүсіпбек Аймауытов ХХ-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ақын, драматург, зерттеуші-ғалым. Ол бүгінгі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында 1889 жылы дүниеге келген. Ж. Аймауытов Қазан төңкерісіне дейін ауыл мектептерінде ұстаздық еткен. 1920 жылдан Қазақстан үкіметінің құрамына кіріп, Оқу-ағарту халық комиссары орынбасары болып істейді. Кейін Ташкентке келіп, Қазақ институтында ұстаздық еткен. 1927 - 29 жылдары Шымкент педтехникумында директорлық қызмет атқарады. 1929 жылғы сталиндік зобалаңда тұтқындалып, 1931 жылы мерт болады.

Шығармашылығы. Ж. Аймауытов бірқатар орыс әдебиеті мен шет ел классиктерінің шығармаларын аударып, психология, педагогика, тәрбие саласында оқу құралдарын жазған. Қазақ әдебиеті классикасының негізін қалап, "Күнікейдің жазығы", "Ақбілек", Қартқожа" романдарын дүниеге әкеледі. Қазақ драматургиясының жолын ашып, "Рабиға", "Мансапқорлар", "Қанапия - Шәрбану","Шернияз" және т.б. реалистік дрмаларды жазады.

Жазушының дарын-қабілетін ерекше ашқан шығармасы - "Ақбілек". Романда бұйығы қазақ ауылында өскен Ақбілек атты жас қыздың әр қилы тағдыр тәлкегіне ұшыраған өмірі суреттеледі. Қызылдардан қашқан ақ офицердің тұтқыны әрі күңі ретінде Қытай шекарасына дейін қорлық көріп сапарлас болады. Кейін қызылдардың көмегімен ауылына қайта келгенде де талай мазақ пен қорлыққа ұшырайды. Сөйтіп жүріп ақыл-есі толығып, жан-жақты есейіп, оқып, ізденіп, өмірлік сүйгенін тауып,жаңа өмірдің белесіне шығады. Жазушы Ақбілек образы арқылы қазақ қыз-келіншектерінің жаңа заманға сай өсіп-қалыптасу кезеңдерін психологиялық шеберлікпен, шырайлы көркем тілмен ашып берген.

Пән: Қазақ әдебиеті