Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі
Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі дегеніміз мына теорема:
Бір үшбұрыштың бір қабырғасы және осы қабырғаға іргелес жатқан бұрыштары, екінші үшбұрыштың сәйкесінше қабырғасына және оған іргелес жатқан бұрыштарына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
Бұл теореманы мына суретте көре аламыз:
Өз бетімен екі тең үшбұрышты салып көріңіз. Тең үшбұрыштар бұл барлық сәйкесінше қабырғалары және сәйкесінше бұрыштары тең болатын үшбұрыштар.
Пән: Геометрия