Сыну көрсеткіші - абсолют және салыстырмалы
Жарық вакуумде (зат жоқ жерде, бос кеңістікте) жуықтап алғанда c = 300 000 км/c жылдамдықпен тарайды. Вакуум емес орталарда жарықтың жылдамдығы бұдан аз болады.
Мысалы су ішінде жарықтың жылдамдығы жуықтап алғанда 225 000 км/c тең.
Абсолют сыну көрсеткіші
Вакуумдегі c жарық жылдамдығының орта ішіндегі v жарық жылдамдығының қатынасына тең n шама ортаның абсолют сыну көрсеткіші деп аталады:
n = c/v.
Мысалы судың абсолют сыну көрсеткішін аңықтайық.
c = 300 000 км/c ал v = 225 000 км/с.
n = 300 000/225 000 = 1,33
Сонымен судың абсолют сыну көрсеткіші 1,33-ке тең.
Көптеген заттардың сыну көрсеткіштері аңықталған, бұлардың арнайы кестелері де бар.
Салыстырмалы сыну көрсеткіші
Сыну көрсеткіштері n1 мен n2 болатын екі зат арқылы жарық өтсе, олардың абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасы (n2/n1) ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші деп аталады.
Мысалы жарық су мен абсолют сыну көрсеткіші 1,5 тең шыңы арқылы өтсе. Салыстырмалы сыну көрсеткіші неге тең?
Шешуі:
n2/n1 = 1,5/1,33 = 1,27.
Жауабы: жуықтап алғанда салыстырмалы сыну көрсеткіші 1,27 тең.
Пән: Физика