Кельвин шкаласы деген не?
Кельвин шкаласы дегеніміз температураны өлшейтін шкала. Бұл шкаланың басы, абсолюттік нөлге сәйкес келеді, ал әрбір градусы Цельсий шкаласымен есептелген градусқа тең.
Абсолюттік нөл дегеніміз температураның ең төменгі мәні. Бұл Цельсий шкаласымен есептегенде -273,15 градусқа тең. Бұдан аз температура табиғатта жоқ, -5 градус бар, одан төмен -10 градус та бар. Бірақ -273,15 градустан төмен температура болмайды.
Цельсий және Кельвин шкалалары арасындағы байланыс
Цельсий шкаласы бойынша есептелген tC температура, Кельвин шкаласы бойынша есептелген tK температурамен мына формуламен байланысады:
tK = tC + 273,15
Яғни Цельсий шкаласының градусымен есептелген температураға 273,15 қосамыз да, Кельвин шкаласы бойынша градусты аламыз.
Пән: Физика