Әбдіжәміл Нұрпейісов
Өмірі. Бүгінгі қазақ әдебиетірің ардагері, Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Әбдіжәміл Нұрпейісов. Ол Қызылорда облысының Арал ауданындағы Үшкөң деген елді мекенде 1924 жылы дүниеге келген. 1942 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1962 - 1964 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы қызметінде болады. Содан бері бүгінге дейін шығармашылықпен шұғылданады.
Шығармашылығы. Ең алғашқы шығармасы "Курляндия"романы, кейін ол өңделіп, "Күткен күн" деген атпен жария көреді. Балтық жағалауындағы соғыс шындығын шынайы бедерлеген бұл кітабы Жамбыл атындағы сыйлыққа ие болады. Жазушының атын дүние жүзіне әйгілеген шығармасы - "Қан мен тер" трилогиясы. "Ымырт", "Сергелдең", "Күйреу" атты үш кітаптан тұратын бұл шығармада Қазан төңкерісіне дейінгі балықшы қазақ ауылының трагедиялық жай-күйі суреттеледі. Еламан, Ақбала, Сүйеу қарт, Кәлен, Тәңірберген, Судыр Ахмет және т.б. басты кейіпкерлердің қиямет тағдырлы өмірлері көрініс табады. Автор солардың әр қилы қасиет-болмыстары арқылы сол заманның кең тынысты бейнесін шынайы түрде ашып береді. Осы трилогяның негізінде "Қан мен тер" атты драмасы да дүниеге келген.
Пән: Қазақ әдебиеті