Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Бұл сабақта қышқылдардың химиялық қасиеттері қарастырылады.
Тұз қышқылына натрий металлын қоссақ тұз пайда болады (кәдімгі ас тұзы):
2Na + 2HCl = 2NaCl + H2
Бұл реакцияда натрий сутегін ығыстырды, бұндай қасиетке барлық металлдар ие емес. Мысалы алтын тұз қышқылында ерімейді:
Au + HCl = Au + HCl
Жалпы алтың барлық қышқылдарда ерімейді (азот қышқылынан басқа), соңдықтан бұл металдан жасалған бұйымдарды тот баспайды. Әлемге әйгілі "Алтың адам" жер қойнауында екі жарым мың жыл бойы жатса да, еш бүлінбеді:
Себебі алтыңнан жасалған!
Бекетовтың кернеу қатары
Орыстың ғалымы Н. Н. Бекетов металдардың, қышқылдағы сутегін ығыстыра алуын сипаттайтын қатарды жасаған:
Li K Ca Na Mg Al Zn Fe Ni Sn Pb (H) Cu Hg Ag Au
Бұл қатардағы сутегінен сол жағында орналасқан металлдар, қышқылдан сутегін ығыстыра алады, яғни қышқылмен реакцияға түседі, ал сутегінің оң жағында орналасқан металлдар, қышқылдармен реакцияға түспейді. Қышқылдардың химиялық қасиеттерің осы қатарға қарап білуге болады.
Металдардың белсенділігі солдан оңға қарай артады, бұл қатардың басында орналасқан төрт металл (Li, K, Ca, Na), сумен де реакцияға түседі, яғни сутегін судан да ығыстыра алады!
Натрий тұз қышқылымен реакцияға түседі де, реакция нәтижесінде тұз бен сутек түзіледі. Бұны жоғарыда көрдіңіз, бұл қағида Бекетовтың қатарында сутегінен сол жақта орналасқан барлық металдарға орынды:
Металл + Қышқыл = Тұз + Сутек
Қышқылдардың негіздік оксидтерімен реакцияласуы
Екі валентті темір оксидін тұз қышқылына қосайық:
FeO + 2HCl = FeCl2 + H2O
Бұл реакция нәтижесінде тұз бен су түзілді. Бұл жалпы барлық тұздарға ортақ қасиет:
Металл оксиді + Қышқыл = Тұз + Су
Қышқылдардың тұздармен реакцияласу
Қышқылдардың тұздармен алмасу реакциясына түсуі - қышқылдардың химиялық қасиеттеріне жатады. Мысалы мына реакцияны қарастырайық:
Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + H2O + CO2
Бірінші зат натрий карбонаты деп аталатын тұз (Na2CO3), бұған тұз қышқылын (HCl) қостық. Нәтижесінде ас тұзы (NaCl), су (H2O) және көмірқышқыл газы (CO2) пайда болды.
Пән: Химия