Сәбит Мұқанов
Өмірі. Қазақ әдебиетін көп жанрда өркендетуге еңбек сіңірген көрнекті жазушылардың бірі - Сәбит Мұқанов. Ол 1900 жылдың 26-сәуірінде бүнінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде кедей отбасында дүниеге келген. Кезінде "Еңбекші қазақ", Қазақстан педагогикалық баспасындабас редактор болған, 1937 - 1941 жылдары Қазақтың педагогикалық университетінде қызмет істеп, 1936 - 1937 және1943 - 1951 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарып, шығармашылық күштерді тәрбиелеуге көп еңбек сіңіреді. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі болып сайланады.
Шығармашылығы. Қазақ әдебиетінде роман жанрын жетілдіріп, қалыптастыруда С. Мұқанов еңбегі орасан. Жыр тілімен жазылған "Сұлушаштан" бастап, "Адасқандар","Теміртас", "Балуан Шолақ", "Сырдария", "Жұмбақ жалау", "Есею жылдары", "Өмір иектебі", "Аққан жұлдыз"және т.б. еңбектерін осы тұрғыда айтуға болады. Кезінде оқырмандарының сүйіспеншілігіне бөленген "Адасқандар" романын кейін өңдеп, толықтырып,"Мөлдір махаббат" романына, ал "Жұмбақ жалауды" "Ботагөз" романына айналдырады. Бұл романдар кезінде қазақ әдебиетінің үлкен табыстарының қатарына қосылады. "Ботагөз" романындағы таптық тартыс бір жағынан Асқар, Ботагөз, Амантайлар, екінші жағы - Итбай, Кулаков, Мелдехановтар тарапынан тартысты өрбиді. Ақырында патшалық өктемдік саясатын жүргізген жемқор, әділетсіз болыс Итбайдың өлімімен роман идеясы шырқау шыңына көтеріледі.
Өмір материалын кең қамтушылық, адамдар қарым-қатынасын қамшы өріміндей жымдастыра өрбіту, солардың бәрін бір идеяға табиғи жанастырып әкете білушілік, бір сөзбен айтқанда сюжет құруға шеберлік - С. Мұқановқа тән ерекшелік болып табылады.
Пән: Қазақ әдебиеті