×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Мегаполис деген не? Қазақстандағы мегаполистер

Создание интернет магазина

Мегаполис деген не? Мегаполис термині көне гректің мегас (үлкен) және полис (қала) деген сөздерінен құралған. Мегаполис деп халық саны 1 000 000 асқан ірі қалаларды атайды.

Бір миллионнан асқан қалалар мегаполистер деп аталады.

Қазақстандық мегаполистер

Қазақстанның тұнғыш мегаполисі Алматы қаласы боп табылады. Алматы қаласының халық саны 2016 жылы 1,7 миллионға жетті.

Мегаполистер

Астана мен Шымкент қалаларының халқының саны 1 миллионнан асты. Олар да мегаполистер қатарында.

Мегаполистерде елдегі байлықтың басым бөлігі шоғырланады. Мысалы, Алматы қаласында Қазақстанның 10 пайызына жуық халқы тұрғанмен ЖІӨ 20 пайызға жуығы осы мегаполисте өндіріледі. Бұның себебі мегаполистерде халық тығыз орналасқан сондықтан компаниялар өзара кооперация мен интеграцияға бейім болады.

Қазақстанда мегаполистер облыс әкімдігіне қарамайды, бұларды республикалық маңызы бар қалалар деп атайды да, тікелей Астанадан басқарады. Бұл өзі жеке облыс сияқты, жеке әкімшілік бірлігі.

Пән: География

Комменттер

Миллионер қаламен мен Мегаполис тың айырмашылығы неде ?

 

Batyrkhan

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Еш айырмасы жоқ. Екеуі халқының саны 1 миллионнан асқан қалалар үшін қолданылады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою