Дүниежүзілік мұхит деген не?
Жер планетасының басым бөлігің су басады. Бұл төрт ірі - Тынық (Pacific), Атлант (Atlantic), Үнді (Indian) және Солтүстік мұзды (Arctic) мұхиттары. Картаға қараңыз:
Осы төрт мұхитты біріктіріп дүниежүзілік мұхит деп те атайды. Себебі осы мұхиттардың сулары бір-бірімен жалғанған. Ешбір мұхит оқшауланып, сулары өзгелерімен байланыспай орналаспаған. Бір мұхиттан екіншісіне кемемен жете аласыз.
Мұхиттардың ең ірісі Тынық мұхиты. Одан кейінгісі Атлант мұхиты, одан кейінгісі Үнді ал ең кішісі Солтүстік мұзды мұхиты.
Мұхиттарда аралдар бар. Бұлардың саны өте көп.
Пән: География