Артезиан сулары деген не?
Жер асты қабаттарынан ағатын су артезиан сулары деген атауға ие. Бұндай сулар әдетте 100-300 метрлік тереңдіктегі жер асты қабаттарынан алынады.
Артезиан суларын алу үшін төменге құбырды орнатады да осы су құбыр арқылы жоғары көтеріледі (бұл су суретте қызыл бағдарлармен көрсетілген):
Артезиан құдығы таза судың қайнар көзі.
Артезиандық сулардың өзге жер асты сулардан ерекшеліктері
Біріншіден бұндай сулар өте терең жатқан жер асты қабаттарында орналасады. Өзге жер асты сулары бірнеше метр тереңдіктен алынуы мүмкін.
Екіншіден артезиан сулары жер астынан өз бетімен ағады, себебі бұндай сулар жер асты қабаттарында жоғары қысыммен орналасады. Бұндай сулар екі су өткізбейтін қабаттын арасында орналасады, суретке қараңыз.
Үшіншіден артезиандық атауға ие сулардың құрамында зиянды бактериялар немесе микрожәндіктер болмайды, бұндай су таза болады. Себебі бұл су өте терең жер асты қабаттарында орналасқан.
Пән: География