×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дененің массасы

Создание интернет магазина

Екі дене әрекеттескенде олардың жылдамдықтары бірдей өзгермейді. Мысалы баскетбол добы мен футбол добы соқтығысса, ауырлау баскетбол добының соқтығусудан кейін өткен жолы футбол добынан азырақ болады. Дене шынықтыру сабағында бұны тексеріңіз!

Неге? Себебі олардың массалары әртүрлі. Екі m1 және m2 массасы бар денелердің массаларының қатынасы, олардың өзара әрекеттесуінен кейін пайда болатын сәйкесінше v1 мен v2 жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал:

m2/m1 = v1/v2

Яғни массасы көбірек дененің жылдамдығы көбірек болады.

Дененің массасын олардың өзге денелермен әрекеттесуі арқылы есептеу қиын, соңдықтан массаның эталондары жасалған. Францияның астанасы Париж қаласының маңында орналасқан Севр қаласында массаның эталоны сақталып тұр.

Бұл салмағы бір килограммға тең платина мен иридийдің қорытпасынан жасалған мына зат:

Массаның эталоны

Ауа металды тоттықтырмауы үшін эталонды ауасы жоқ шыңы ыдыстың ішіне орналастырылған.

Пән: Физика