Сәуле дегеніміз не?
Сәуле дегеніміз не? Түзуде жатқан әрбір нүкте, түзуді екі бөлікке бөледі:
Осы суреттегі c түзуінде жатқан A нүктесі, түзуді екі бөлікке бөледі. Осы түзудің бір жағы, сәуле деп аталады. Және бұны бағытауыш арқылы белгілейді:
Суреттегі сәуле A нүктесінен басталады да, бағыттауыш көрсетілген бағытта шексіз жалғасады. Соңдықтан сәулені былай да көрсете аламыз:
A нүктеден басталып, бағыттауыш бағытымен шексіз созылған етіп. A нүктесі сәуленің басы деп аталады.
Сәулені белгілеу
Сәулелерді түзулерді белгілегендей, латын алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен қатар сәуленің бас нүктесі мен сәуленің бойында жатқан кез келген нүктенің екеуін қатар жазып та сәулені белгілейді:
Осы суреттегі сәулені AB деп белгілейді. Сіз бір сәулені сызыңыз да оны белгілеңіз. Схема, сурет салу арқылы геометрияны тез меңгере аласыз.
Пән: Геометрия
Комменттер
Сәуле бір нүктеден және одан бір бағытта, бір түзудің бойында жатқан нүктелерден құралған фигура:
Мысалы осы суреттегі сәуле C нүктеден және осы нүктеден бір бағытта созылған нүктелерден құралған. Бұл нүктелер бір түзудің бойында жатады. Суретте сәуле шағын етіп көрсетілген, бірақ бұны ойша ондан солға қарай жалғай беріндер. Өйткені сәуленің ұзындығы шексіз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Түзуде жатқан нүкте екі сəулені тудырады:
Бұл суреттегі А нүктесінен басталып оң жаққа созылған сəуле бар. Оған қоса осы А нүктесінен сол жаққа созылған сəуле бар. Осы екі сəуленің бірі екіншісіне толықтауыш сəуле болады.
Толықтауыш сəуле бұл сəулені түзуге дейін толықтыратын сəуле.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Қандай фигура сәуле деп аталады
Бексейт Донаев
Жауап беру | Өзгерту | Жою