×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ипотека деген не? Ипотека шарттары

Создание интернет магазина

Ипотека деген не? Пәтерді, үйді несиеге алу ипотека делінеді. Ипотеканың басты мақсаты халыққа қолжетімді тәсілмен баспана беру. Әрбір адам бір мезетте үй құнын төле алмайды. Көпшілігімізде пәтер алуға ақша, қаржы табылмайды. Бірден пәтер құнын табу қиын. Соңдықтан экономикада ипотека деген құралды пайдаланады. Ипотека пәтер ақысын ай сайын төлеуге мүмкіндік беретін құрал.

Ипотекаға үй алу

Ипотеканың көмегімен үйдің ақысын бірнеше жыл бойы төлеуге болады. Мысалы үй құны 20 миллион тенге болса, бұндай көлемдегі ақшаны бірден табу қиын. Бірақ 20 миллион теңгені 10 жыл бойы, 20 жыл бойы ай сайын жалақыдан 100 000 - 200 000 теңгемен төлеу жеңілдеу болады.

Ипотека шарттары

Ипотека шарттары әрқилы. Бірақ бәрінің ортақ шарттары бар. Біріншіден алғашқы жарна. Алғашқы жарна әрқилы болады. Қазақстанда үй құнының 10-20% көлемінде болады не одан да жоғары. Қалған соманы несиеге 5 жылға, 10 жылға, 20 жылға бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Ипотеканы беретін әрбір ұйымда алғашқы жарна және төлеу мерзімі әрқилы болады.

Ай сайындық төлем несие пайызына байланысты. Ал бұл елдегі инфляция деңгейіне және Ұлттық Банктің талаптарына байланысты.

Алғашқы жарнаны табу үшін біраз ақша жинау керек. Пәтер құны 30 миллион болса бұның 10 пайызы 3 миллион болады. Бұны жинау үшін көпшілігімізге бірнеше жыл керек. Есесіне кейін пәтерді ипотекаға алғанда өзгенің пәтерін жалдамайсыз. Өз үйіңізде өзіңіз қожа боласыз.

Қазақстандағы ипотека нарығы

Қазақстандағы ипотека нарығы өкінішке орай ауыз толтырарлық деңгейде емес. Кейбір ипотека беретін компаниялардың алғашқы жарнасы тым үлкен, кейбірінде беру шарттары күрделі. Мысалы ай сайынғы жалақыңыз жоғары әрі тұрақты болуы шарт. Бірақ кейбір компанияларда жалақыны жасырып береді, документте аз жазады да қолға көп береді (салықты аз төлеу үшін).

Тағы бір күрделі мәселе пәтер бағасының Дубайдай, Лондондағыдай тым жоғары болуында. Біз Дубайдағыдай жалақы (айына 2000-5000$) алмаймыз, соған қарамастан пәтер құны Алматы мен Дубайда бірдей.

Үшінші күрделі мәселе салынған үй мен пәтерлердің сапасы. Қыста суық, жазда ыстық пәтерлер бар. Жаңбыр жауса іші су болатын подъезді бар пәтерлер де бар.

Дау басы Дайрабайдың көк сиыры

Осының бәрі жылжымайтын мүлік саласындағы бәсекелестіктің дами қалмауында. Және мемлекеттің сан рет осы салаға қаржы бөлуінде. Құрылыс компаниялары мемлекеттен арзан несие, тегін жер алады да тиянақты жұмыс істемейді. Нарыққа керекті пәтерлерді салмайды.

Бәрі элиталық пәтерлерді салады, ал көпшілігімізге эконом класты шағын пәтерлер керек. 100 шаршы метр пәтерді алу қиын, 30 шаршы метр пәтерді алу оңай.

Құрылыс компаниялары мемлекеттен жеңілдетілген несие алатының біледі де халыққа немқұрайлы қарайды. Мемлекет құрылыс саласына несие беруді тоқтатса бірден барлық құрылыс компаниялары халыққа арнап пәтер мен үй сала бастайды.

Мемлекет қай салада кәсіпкерлерге қолдау көрсетсе экономиканың сол саласында былық, шикілік бар болады. Мысалы ауыл шаруашылығы. Фермерлерге мемлекеттен миллиардттаған кредиттер берілген әрі беріліп жатыр да. Бұның салдарынан азық-түлік арзандады ма? Көкөніс арзандады ма? Жоқ! Қазақстандық қызанақ сонау Испаниядан, түк ұшақпен әкелінген мандариннен қымбат боп тұр!

Ал мемлекеттік қолдау жоқ салалардың барлығында дерлік даму, бәсекелестік, сыпайлық, әдемілік бар. Мысалы дүкендер, асханалар, шаштараздар, сұлулық салондары және тағы басқалары. Бұл жерге барсаңыз арзан әрі сапалы тауарды сатып аласыз, шашыңызды әдемі етіп қия аласыз, дәмді тамақ жей аласыз. Сізге ешкім, қабағын шытып, не келдің демейді.

Пән: Экономика

Комменттер

Біз жоғары пайыздық қарызбен бірге қосымша ауыртпалықсыз төмен пайыздық мөлшерлемемен ең жақсы несие береміз. Сізге бизнеске тез несие қажет пе немесе 3 пайыздық мөлшерлемемен вексельдерді төлеу керек пе? Біз бизнес несие, жеке несие, үй несиесі, автокредит, студенттік несие, қарызды шоғырландыру несиесін ұсынамыз. Сіздің несиелік баллыңыз маңызды емес. Біз бүкіл әлем бойынша көптеген клиенттерімізге қаржылық қызмет көрсетуге кепілдік береміз. қазір бізге электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: Financialserviceoffer876@gmail.com
Whats-app бізге +918929509036 бойынша

james eric

Жауап беру | Өзгерту | Жою