Гейзер дегеніміз не? Гейзерлер бар елдер
Гейзер дегеніміз не? Жер астынан атқылаған ыстық су мен жоғары қысымдағы будын бұлағы гейзер деп аталады. Гейзердің суреті:
Гейзерлер Исландия, Ресей, АҚШ, Чили мен Жаңа Зеландия сияқты елдерде көп.
Гейзердің құрылымы
Гейзер жер астында жиналған жоғары қысымды ыстық судың буының және өзге газдардың жоғарылап атылуынан пайда болады:
Гейзер суы тасып, қайнап тұрған шәйнектей, қайнағанда суы жоғары атқылайды.
Гейзер атқылағанда, гейзердің қоймасында жиналған су мен газдар таусыла бастайды да гейзер атқылауын тоқтатады. Біраз уақыттан кейін су қайта жиналады да, гейзер қайтадан ыстық су мен буды атқылайды.
Гейзерлердегі судың ыстық болуы, гейзер қоймасындағы судын жер қыртысының төменгі әрі ыстық қабаттарында орын тепкендігінен.
Гейзерлерді пайдалану
Исландия елінде гейзерлерден аққан ыстық судың көмегімен үйлер жылытылады, және гейзерлердің негізінде электр станциялары да жұмыс істейді.
Оған қоса, гейзерлерден аққан су минералданған болғандықтан, гейзерлерге адамдар шомылып емделінеді, демалады.
Пән: География