Жылу алмасу, жылу ұғымы. Жылу деген не?
Кейбір заттар суық, кейбір заттар жылы болады. Мысалы қайнаған су ыстық, тоңазытқыштағы мұз суық. Қасықты ыстық сорпаға салсаныз сорпаның ыстығы қасықты қыздырады, қасықты суық суға салсаныз су қасықты салқындатады.
Бұл процестердің барлығында жылу ұғымы маңызды рөл атқарады.
Жылу деген не?
Жылу деген не? Жылу дегеніміз заттың атомдары мен молекулаларының қозғалысына байланысты туындайтын физикалық ұғым. Заттағы молекулалар мен атомдар неғұрлым шапшаң қозғалса, соғұрлым дененің жылуы, температурасы артық болады. Бұны микроскоптың көмегімен көруге болады.
Жылуы көп заттар, атомдар мен молекулалардың қозғалысы нәтижесінде ұлғаяды. Бұны жылулық ұлғаю деп атайды.
Жылу алмасу
Жылу ыстық заттан суық затқа алмасады, бұны жылу алмасуы деп атайды. Мысалы мұзды ыстық күні асфальтке қойсаңыз не болады? Мұз ериді де суға айналады, су жылынады. Бұл қоршаған ортаның жылуы мұзға алмасқанының белгісі.
Жылу ыстық заттардан суық заттарға алмасуға бейім болады.
Себебі жылдамдығы көп молекулалар мен атомдар (жылуы көп зат, схемада қызыл түсті), шекаралас аймақтарда баяу қозғалған молекулалар мен атомдармен (жылуы аз зат, схемада көк түсті) соқтыққанда баяулайды:
Осының нәтижесінде жылу ыстық заттан суық затқа алмасады.
Пән: Физика
Комменттер
4) Осы сайтта жылу сыйымдылық деген сабақ бар. Сол жерде мынандай формула бар: Q = c m Δt. Бізде екі зат бар. Су мен алюминий. Ал температура айырымы бірдей.
Q1 = m1 c1 Δt алюминий үшін. Және Q2 = m2 c2 Δt су үшін. Қорытқы жылу екеуінің қосындысына тең:
Q = Q1 + Q2
Q = m1 c1 Δt + m2 c2 Δt
Q = 1,5 * 0,92 * 103 * (100 - 20) + 10 * 4,2*103 * (100 - 20) = 3470400 Дж
Жауабы: 3470400 Дж жылу жұмсау керек.
5) Бірдей емес. Көмірден көбірек жылу бөлінеді.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
4. Массасы 1,5 кг алюминий ыдыска массасы 10 кг су құйылған. Судың температу расын 20-дан 100°С-ге дейін котеру үшін жүйеге канша жылу беру керек? Судын меншікті жылу сыйымдылығы 4,2 кДж/(кг·°С), Алюминидің меншікті жылу сыйымдылығы 0,92 кДж/(кг·°С),
5. 5 кг агаш және 5 кг таскөмірді жаққанда пеш бірдей жылиды ма? Неліктен? агаштын меншікті жану жылуы 10 МДж/кг, таскөмірдің меншікті жану жылуы 27 МДж/кг.
6. Массасы 0,6 кг агаш толық жанғанда бөлінетін жылудың 25% мөлшері су кыздыргыштағы суды 10°С тан 100°С-қа дейін кыздыруға кетті қыздырылған судың массасы қандай?
7. Массасы 200 г алюминий ыдыста температурасы 20°С болатын 600 г керосин бар. Керосинге температурасы 100°С 500 г темір кесегін батырады. Жүйенің ақырғы температурасы кандай? Керосиннің меншікті жылу сыйымдылығы 2,1 кДж/(кг·°С). темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 0,46 кДж/(кг·°С).
Жауап беру | Өзгерту | Жою