×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жер сілкінісі немесе зілзала және Рихтер шкаласы

Создание интернет магазина

Жер сілкінісі дегеніміз жер бетінің тез, шапшаң сілкінуі. Жер сілкінісінің тағы бір атауы - зілзала. Жер аз сілкінгенде ел мен жерге пәлендей зардап әкелмейді. Бірақ жер сілкінісі зор болса, жер опырылып, қалалар мен ауылдардағы ғимараттар, үйлер, жолдар қирайды.

1988 жылы Арменияның Спитак қаласында болған ірі жер сілкінісі:

Спитак жер сілкінісі

Адамдар мен жануарлар қираған үйлердің астында мерт болды. Бір сәтте 25 мыңға жуық адам Спитакта көз жұмды!

Жер сілкінісінің магнитудасы, Рихтер шкаласы

Жер сілкінісінің өлшем бірлігі магнитуда деп аталады. Магнитуда, жер асты дүмпуінің энергиясын сипаттайды. Неғұрлым магнитуда жоғары болса, соғұрлым жер сілкінісі кезінде көбірек энергия бөлінеді.

Үйлер мен ғимараттар жер сілкінісінің магнитудасы жоғары болғанда бір сәтте қирап қалады.

Рихтер шкаласы

1935 жылы Рихтер жер сілкіністердің шкаласын ұсынды. Осы шкалада жер сілкіністерге 1 ден 9,5 дейін магнитуда сәйкес қойылды.

Жер бетінде магнитудасы 1-4 ге тең жер сілкіністері жиі болады. Адамдар бұндай әлсіз зілзаларды байқамайды.

Магнитудасы 5-7 ге тең жер сілкіністер сирек болады, бірақ болған күні бұлардың зардабы зор болады.

Сейсмология нені зерттейді?

Сейсмология жер сілкіністерді зерттейтің ғылым, жер сілкіністердің пайда болуын, зілзаладан сақтану шараларын,...

Қазіргі сейсмологиялық теориялар бойынша, жер сілкіністердің пайда болуы тектоникалық плиталардың қозғалысынан деп пайымдалынады.

Сейсмограф

Сейсмограф жер сілкінісінің магнитудасын өлшейтін құрал. Сейсмографтың фотосы:

Сейсмограф

Сейсмограф қағаз лентаға (компьютердің дискісіне) жер сілкіністердің магнитудасын жазып отырады.

Пән: География