×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Күштерді қосу, параллелограмм ережесі

Создание интернет магазина

Қозғалыссыз тұрған денеге бір күш әсер еткенде, күштің бағытын аңықтау қиынға соқпайды. Мысалы сізді біреу артыңыздан итерсе, сіз алдыға жылжисыз не құлайсыз. Бағыты бір күштерді қосу да қиын емес.

Бағыттары әртүрлі екі не одан да көп күштерді қосу үшін, яғни күштің қорытқы бағытын білу үшін параллелограмм ережесі қолданылады.

Параллелограмм ережесі

Бір нүктеден бастау алатын, бағыттары әртүрлі F1 және F2  күштердің қорытқы күші, осы күштерден құралған параллелограммның R диагоналіне тең күш:

Параллелограмм ережесі

Күштер бір нүктеден бастау алмаса, онда бір күштің басын, екінші күштің басына дейін жылжытамыз (бағытың өзгертпей):

Параллелограмм ережесі

Суретте a күшінің бағытын өзгертпей, b күшінің басына дейін жылжыттық.

Пән: Физика