Ерлердің ісі біте ме? өлеңі
Беркініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жаурын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа теңтек атанбай,
Ерлердің ісі біте ме?
Бұл Махамбет Өтеміс-ұлының керемет өлеңі жастарға арналған. Жастардың жігерін, күш қуатын, сана-сезімін есейту үшін. Ерлердің ісі біте ме? өлеңің жаттап алындар. Ез емес, ер болыңдар. Қазіргі таңда жылап, қазақты қаралап, қазақты балағаттап жатқан ақындар бар. Бұндайлардан аулақ болыңдар.
Негізінен көне әдеби шығармаларды оқуға тырысыңыз, қазақ Ресейге қосылғанға дейін жазылғандарын. Мысалы Төле Бидің берген баталарын, Махамбеттің жалынды өлеңдерің, Майқы Бидің нақыл сөздерін, батырлар жырын және басқаларын. Себебі бұл көркем туындыларда қазақты ешкім балағаттамайды, жастардың еңсесін түсіретін сөздер кездеспейді. Керісінше бұлар ғибрат алатын дүниелерге бай.
Пән: Қазақ әдебиеті