Суицид деген не? Стресс деген не? Апатия деген не? Негатив деген не?
Мына мақаланы менің досыма, класстасыма, түсіме жиі келіп үндемей тұратын, өзіне қол салған Саятқа арнаймын. Жаның Жәннатта болсын батырым!
Мен Жетісу жерінде дүниеге келдім. Ол жер жыр мен өлең ордасы. Көне заманда ерлік еткен не бір батырдың аталы сөзін, не бір бидің даналығын жас кезімнен-ақ құлағыма құйып жүрдім. Аталар жиылса сол жерге мен де барып олардан жыр дастан тындайтын едім.
Әсіресе Балпық би мен Бөлтірік шешен жайлы көп айтатын. Олардың батыр болғанын, еліне қорған бола алғаның, бір жағадан бас бір женнен қол шығарып елді басқарып жауды күйреткенің мақтан етіп жиі айтатын. Мысалы мынандай дана сөзді есте сақтап қалдым:
"Өзін өзі таныған ер бақытты,
Өзін өзі басқарған ел бақытты!"
Одан кейін Семейге барып тұрдық. Ол жерде өстік, оқыдық, мектеп бітірдік. Біз тұрған ауылдың бір жаман жері қарттардың көнені білмегені. Ол жердің қарттары болам деген жас балаларға бата бермейді, жырды жырламайды. Орысша оқып кеткен. Және көбінің нұрында бір мұн бар.
Негатив деген не?
Мен болған ауылдағы балаларда жоқ. Ересектерде бар. Бір мұн, күмән бар. Өзімен бірге оқыған балалардың барлығы бала боп ойнап-күліп жүрген еді. Қайғыға батпай! Жылайын, жырлайын демей!
Жетінші мен сегізінші сыныпқа дейін! Ол жасқа жеткен соң әдебиет сабақтарында не бір мұнлы өлеңдер, әндер, сөздер айтыла басталыпты мыс. Мысалы - қазақ жалқау, қазақ ұйқыдағы халық, қазақ онбаған және кейбір кітаптарда тіпті қазақ қот..қ не қазақ қанш..қ деп те жазылған. Рас! Өтірік емес! Мен бұны ойдан шығарып жатқан жоқпын! Сенбесеңіз өздеріңіз қарап оқыныз.
Психология тілімен айтсақ осыны негатив деп атайды. Негатив деген не? Ол жаман, теріс сөз. Мысалы өзгені боқтау, өсектеу, реңжіту, өсек айту сияқтының бәрі негатив. Арам сөз. Арам ой. Арам тірлік.
Және шамамен осы жасқа келіп Саят деген класстасымда бір өзгеріс пайда болыпты. Мысалы мұғалімдердің айтқанына қарсы сөз айтып. Көп рет болмаса да бір екі рет айтқаны рас.
Негатив қазақ санасына жат дүние! Мысалы қазақта "Жақсы сөз жарым ырыс" дегені бар. Онысы жақсы сөз адамның бақытты, дәулетті болуына себепкер болады. "Таспен атқанды аспен ат" дегені де бар. Саған жамандық істесе сен оған жылы сөйлеп көр. Қазақ даласына сталиндік репрессиялар заманында күшпен қондырған қанша ел бар еді? Көп еді. Жүзге жуық ел осы жерде орын тепкен. Және бәріне қазақ қамқор бола алған. Өзі жемесе де оларға бір жапырақ нан болса да сым темірдің ар жағынан лақтырып отырған.
Сонау көне заманнан келе жатқан барша жырау, би, батыр, абыз дегендерден қалған сөздерінің барлығында негатив жоқ! Барлығы жастарға нұсқа, әрекет етуге арналған тәрбиелік сөз. Мысалы:
"Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы төрткүл оңға алмай
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өлеңді төсеп ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгіні теріс салмай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!"
Осы өлеңде жігіттің елге қорған, пана болуы айтылған. Кешегі Заманбек сияқты батыр болуды нұсқаған. Қазіргі жастардың тілмен айтсақ терпила болмай еліне қамқор болуды мұрат қылған.
Ал осы өлеңді кім жазған? Барша достарынан айрылған, елінен қуылған, Исатайдың мерт болуын көрген, қазақ қанының шайқаста судай аққаның өз көзімен көрген Махамбет! Басынан бақ құсы ұшып кетсе де ол мұн мен қайғыға батпай жастарға тура жол сілтеуді жөн көрген.
Қазір үйінде отырған не бір ақын қазақты жамандауға, оны сөгуге дайын. Ал солар батыр болса Желтоқсанда қайда болды? Қантарда қайда болды? Батыр болсан сонда неге болмадын?
Жастарға айтар ақылым жаман сөзден, жаман адамдардан аулақ жүріндер. Подъезд ішінде темекі тартып ел мазасын кетірген адамдар түзу жолдағы жастарға дос бола алмайды. Жаман сөз, негатив сөз де пайдалы бола қалмайды.
Мысалы сонау Сталин заманынан қазақты кем ету, оны жалқау етіп көрсету әдебиетте дәстүрге айналған. Бірақ қазақ жалқау, жаман болса неғып осындай жерге ие болып отыр? Жалқау, жаман болса қалай басы бірігіп ерлік еткен?
Ескелді бидін мына сөзі бар емес пе:
"Екі жақсы бас қосса,
Бірін бірі қия алмас.
Екі жаман бас қосса,
Кең қонысқа сия алмас."
Суицид деген не? Қазақстандаға суицид
Суицид деген ол адамның өзін өзі өлтіруде. Қазақ елі осы салада бүткіл әлемдегі елдер арасында кош бастап тұр:
Яғни Суринам, Кот-д'Ивуар сияқты сияқты медицина, білім мен ғылымы дамымаған Африка мен Оңтүстік Америка елдерімен бірдей!
Біздің батыр бабаларымыз осыны аңсады ма? Бөгенбай мен Қабанбай осыны армандады ма? Осы үшін үшін жауға берілмей сексен жасына дейін жекпе жекке шығып жиырма мен отыз жастағы жаудың батырларын қойдай қырып отырды ма?
Осы кестеге қарап қазақ халқының идеологиядағы жолы дұрыс деп айта аласыз ба? Жастарға жаман сөзге толы әдеби оқулықтарды оқыту дұрыс деп айта аласыз ба? Баласы суицид жасаған ананың көзіне қарап айта аласы ба?
Өзге елдер батырларды мадақтайды
Алысқа бармай ақ төнірегіндегі көршілерді қарасақ бәрі көне заманның батырларын мадақтайды. Жырлайды. Мысалы қазақ қырғыз бір туған деп айтылған айыр қалпақты бауырларымыз елінде барша жерде Манас бар.
Бішкекке барсаңыз ұшақ алдымен аэропортқа қонады. Ол кімнің атында? Манас батырдың. Одан кейін Бішкектің қақ ортасына жетесіз. Ол жерде алаң бар. Ол кімнің атында? Одан кейін туристтерге дәстүрлі өнер туындыларын көрсетеді, киіз үй, текемет дегендей. Жыр оқиды. Қай жырды? Манас батыр жырын:
Біле білсеңіз Манастың замандасы, қаруласы, досы болған батыр қазақта да бар. Ерлігі одан еш кем түспейтін батыр бар. Ол Қобыланды батыр. Ал Қобыланды батырға арнап салынған әуежай бар ма? Алаң бар ма?
Моңғолия елінде де осындай жағдай. Барша жерде сонау көне замандағы батырларға арналған ескерткіштер. Хандардың құрметіне арнап салынған мұражайлар. Көне батырлар зор құрметке ие. Атам қазақ айтқандай: "Өлі разы болмай тірі байымайды".
Біздің ақын жазушылар болса не бір негативке толы өлеңдерді шығарумен әлек болып жатыр. Оның елге қандай пайдасы бар? Соны естіп жастардың еңсесі түсіп жатыр.
Және байқасаңыз қай елде батырларды құрметтеу бар сол жерде демократия орнайды. Ал қай жерде мұн мен қайғы басым болса сол жерде диктатура орын тебеді.
Қазақстанда батырлар жырларын неге мемлекеттік деңгейде құрметтемейді?
Қырғыздарда Манас жырын айтатын адамдарды манасшы деп құрметтейді. Ондай адамдар ол елде зор құрметке ие. Ай сайын жырды жатқа білетін жастар арасында неше түрлі сайыстар өтіп тұрады. Не бір мереке болса сол жыр айтылады.
Ал Қазақстанда осыны ешбір жан еске де алмайды. Бізде батырлар жырын білетін адамдар бар болса да оларды онша құрметтемейді. Себебі қазіргі бірде бір ақын не жазушы осыны қолға алайық деп айтпайды. Олардан біреу телевидениеге шақырып сұқбат алса ешбірі соны еске де алмайды!
Стресс деген не?
Стресс деген не? Стресс ол шаршау, қиналу. Негізінен сыртқы ортаның әсерінен пайда болады. Мысалы біреу сізді боқтаса. Я болмаса ұрып кетсе. Сондайда адам шаршайды, мұн қайғыға батады.
Осыған негізінен төзімі жоқ адамдар тап болады. Исламда сабыр, сабыр бол бауырым деп айтады. Онысы мұн қайғыға батпай әрекет ет. Тірлік ет. Ақша тап. Қазақ "Жамансыз жақсы жоқ" деп айтқан емес пе!
Адам баласы бала кезінен ақ стресске қарсы бола тұруды қолға алу керек. Көп оқып көп еңбек ету керек. Онсыз бұл әлемде болмайды. Бір ақын айтқандай: "Жыламаған балаға сүт жоқ!". Әрекет ету керек. Тырысу керек.
Осы ретте көне ақын мен жырауларды оқу керек. Олардың туындыларын жаттау керек. Мысалы Махамбеттің өлеңдерін, Төле бидің баталарын, Асан Қайғының өлеңдерін, Майқы бидің аталы сөздерін.
Атам қазақ: "Көп оқыған емес көп тоқыған көп біледі". Бұнысы ақын мен жазушыны айтқан сөзіне ғана емес жасаған тірлігіне қарай да бағалау керек.
Мысалы Ыбырай қаншама мектеп салды. Он тоғыз жасында ауылдастарын аралап ақша жиып мектеп ашты. Қазіргі Қазақстан ол құрған мектептен басталады.
Ондай ақын үйде отырған адаммен тең бе? Мысалы кешегі Кеңес Одағы заманындағы өз қара басын ойлаған ақындармен тең бе? Соны ойлау керек.
Стресстін емі
Стресске төзімді болу үшін адам өзі араласатын достарын, таныстарын таңдау керек. Атам қазақ айтқандай: "Жындымен жынды - болма". Демек сізге негативті үйіп отырғызысы келген адамдардан аулақ болыңыз. Бір хейтер сізге жаман коммент қалдырса оған жауап бермеңіз. Өз боғында өзі пісіп отырсын.
Адам дегені өзін және өзгені құрметтеу керек. Басқаның жаман сөзіне иланбау керек. Қазір жындылар көп. Әсіресе интернетте. Солардан аулақ жүріңіз. Интернетте де көп отыра бермеңіз. Көп отырсаңыз көзінізді зақымдайсыз. Бос уақытта кітап оқуды қолға алыңыз. Білім мен ғылымның қайнар көзі кітап сізге пайдалы бола қалуы мүмкін.
Мысалы қаншама батырға арнап жазылған жыр мен дастандар бар. Соларды оқыңыз. Неше түрлі пайдалы кітаптар бар. Мысалы Бауыржан Момыш-ұлы жазған даналыққа толы романдар бар. Бейімбет Майлинның не бір қызықты әңгімелері бар. Соларды оқыңыз.
Апатия деген не?
Апатия ол мына дүниеден аулақ болу. Өзгені елемеу. Адам бұндай күйге екі жолмен жете алады. Бірі ол аурса, қасіретке ұшыраса. Басынан бақ құсы ұшып кетсе. Мысалы казиноға ставкаға үйін әкесі тігіп отбасы панасыз қалса балада апатия пайда болуы мүмкін.
Апатияның тағы бір себебі ол өзін тым қатты бағалау. Мен елден мықтымын, елден артықпын дегендерде апатия пайда болуы мүмкін. Әсіресе ақын мен жазушыларда. "Керемет" романы не сөзі ел арасында танымал бола алмай ондай адамдар арасында апатия пайда бола алады.
Оған қоса ортасы олар ойлағандай бола қоймағанда да сондайлар апатияға ұшырайды. Апатияның бір себебі олар ойлағандай ел керемет бола қалмағанында. Барша күнәларынан айрылған адам адам емес. Ол көктегі періште. Соны ұмытпау керек.
Адам бұл дүниеге не үшін келеді?
Адам бес күндік осы жерге артынан ұрпақ пен мұра қалдыру үшін келеді. Сонау көне заманнан қалған асыл сөз, кең-байтақ қазақ жері, ұлы еліміз мәңгі жасай берсін! Адам бұл дүниеге бақытты болу үшін келеді. Бақытты болу дегені еңбек ету. Оқу. Оқымағайтын, еңбек етпейтін адамның өмірі босқа өтіп қалуы ғажап емес.
Мысалы бәріне таныс адам отыз жыл бойы елді мыжып отырды. Көне заманның батыр хандары сияқты жауды жайратпай. Соғыспай. Елге қамқор бола алмай өмірін босқа өткізді. Бүгін өлсе ертең қазақ еске де алмай қояды.
Ұлт мақтанышы Дінмұхамед уақытын босқа өткізбеді
Ел үшін еңбек еткен Димаш атамыздың ажары қандай жылу еді! Оның соңғы жылдары қудалаумен болса да ол кешке қарай өзі салып кеткен сәнді Алматыға бір қарап сүйсініп отыратын.
Қазаққа, еліме, отбасыма пайдалы бола алдым. Өзім де ұзақ жасап бақытты болдым. Сүйіктімді таба алдым. Демек өмірім босқа өтпеді деп!
Пән: Қазақ әдебиеті