Мыңжылдық соғыс
Жыр дастандарды тындасаныз не оқысаныз ол жерде қалмақ дегенді жиі естисіз. Сонау көне замандағы Ер Тарғыннан бастап Қабанбай батыр жырына дейін. Қазақтын неше түрлі жырларында қалмақ ханы, қалмақ батыры деген сөздерді жиі естисіз. Қалмақ ханы елді шапты, қаланы алды дегенді де. Демек шамамен бір мыңжылға созылған ірі этностар арасында соғыс бопты. Қазақ пен моңғол тайпалары арасында. Соны мыңжылдық соғыс деп атап осы жерде баяндадық.
744 жылы қарлұқтар мен ұйғырлар бірігіп Шығыс Түрік қағанатында бас көтереді. Алтайдағы Телес руынан шыққан Ашина әулетіне тиесілі қағандарды тақтан тайдырады. Халқын қыруға бел байлайды. Яғни оңтүстік түріктер солтүстік түріктермен соғысады. Аман қалған халық қайтадан өз отаны Алтайға көшіп кетеді. Ол жерде Қимақ қағанатын құрады.
Азаматтық соғыстың салдарынан моңғол тайпалары қайтадан күшейе бастайды. Атап айтқанда шығыстағы қара қытайлар (кидандар) тәуелсіздікке қол жеткізеді. Ұйғырлар көк түріктерді жеңсе де қидандарды бағындыра алмады.
Қарақытайлардың шапқыншылығы
Біраз күйшейген соң қара қытайлар найман мен керейлерге қарсы соғыс ашады. Ол кезде найман мен керейлер қазіргі Моңғолия мен Батыс Қытай жерінде мекен еткен. Яғни кешегі сақ пен ғұндар мекен еткен жерде.
Қара қытайлардың шапқыншылығы шамамен үш ғасырға созылды. X басынан XIII ғасырға дейін. Оны шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.
- Алдымен қарақытайлар найман мен керейлермен екі ғасырдай алысты. X-XII ғасырларда. Ол кезде кидандар қытайларды бағындырып ірі мемлекетті құрды. Басқа елдермен соғысып шекарасын кеңейтті. Ляо империясын құрды. Осы империя найман, керей, жалайыр, қоңырат, меркіт руларына тыным бермей соғысты. Көп халқын қырды.
- Манджур мен қытайлар бірігіп Ляо империясын 1125 жылы құлатты. Аман қалған қарақытайларды жинап Елуй Даши батысқа, Орта Азияға қашты. Ол жердегі жұрт оларға қамқор болды. Пана болды. Бірақ жақсылыққа жамандық дегендей көп ұзамай Елуй Даши феодалдық бытыранқылықты пайдаланып Орта Азия елдеріне қарсы соғысады. Көп халықты қырады. Жетісу, Сыр бойы, Ыстықкөл, Амудария, Іле сияқты жерлерде ірі мемлекетті құрады. Ол мемлекет жергілікті диқандарды, саудагерлерді, малшыларды жек көріп аямай қырды. Тонады. Алым салықты көбейтті. Осыны көрген солтүстікте мекендеген қыпшақтар олармен бітіспей соғысты. Найман мен керейлер де олардан қалыспады. 1211 жылы найман ханы Күшлік қарақытайлардың мемлекетін толықтай талқандады.
Моңғол шапқыншылығы
1206 жылы Шыңғысхан найман, моңғол, жалайыр, керей, қоңырат сияқты руларды бірігіп қазіргі Моңғолия жерінде күшті әскери мемлекетті құрды. Осы күшпен ол 1219-1223 жылдары Жетісу, Шу мен Сырдария арқылы өтіп Орта Азия шаһарларына атой салды.
Ол кезде Орта Азия түгелдей Хорезмшах мемлекетіне бағынған еді. Сырдария бойындағы қалалар да. Отырар сияқты жарты жыл қорғанған қалалар көп болмады. Көбінің парақор басшылары қашып кеткендіктен жөнді дайындала алмады, не соғыспай ақ берілді.
Сыр бойындағы қалалардың халқы бауырлас қыпшақтарға көшті. Қалада негізінен әскер ғана қалды. Сол әскер түгелдей қырылғанша соғысты. Мысалы аңыздар бойынша Сайрам қаласының соңғы қорғаушысы мерт болғанға дейін қала берілмей соғысты. Моңғолдар бос қалаға тап болды.
Ал оңтүстіктегі қалаларда көшу не қашу жері болмаған соң халық көп соғыспай ақ берілді. Мысалы Самарқант сияқты қалалар. Сонымен қатар қиратылғандары да көп болды.
Тарихи деректерде хорезмшахта 300 мың әскер болды делінген. Бірақ бұл шыңдыққа сай келмейтін шығар. Өйткені оң тоғызыншы ғасырдағы хандарда да бұндай әскер болмаған. Не болса ол жаттықпаған диқан мен шаруалар шығар.
Ал моңғол жағында бес қаруы сай, көк темірге құрсанған талай шайқастарды басынан кешкен 200 мыңдық әскер бар болды. Оған сене салуға да болады. Себебі Шыңғысхан барша моңғолға қару алып соғысуға бұйрық берді.
Кейіннен пайда болатын Жоңғар хандығы мен Еділ қалмақтары осы Шыңғысханның жолымен құрылды. Яғни көп әскер жиып басқа елдерді талау, қыру, алым салық алу. Галден Церен, Сыптан Рабан осы Шыңғысхан үлгі болған.
Жошы хан революциясы
Шыңғысхан қартайып өзі құрған мемлекетті төрт облысқа бөлді. Кейбір тарихи романдарда мемлекетті төрт баласына (Жошы, Шағатай, Үгедей мен Төле) бөліп берді делінген. Бұл шыңдыққа сай келмейді. Ол өмір бойы соғысып жатып құрған мемлекетті жойғысы келмеді. Керісінше оның талай жылдар бойы басқаларынан үстем болуын қалады.
Сондықтан тақ мұрагері Үгедейге бар әскерін қалдырып басқа балаларына аз қол берді. Бірнеше мыңдай ғана. Мысалы үлкен ұлы Жошы ханға төрт мыңдай. Ондай әскермен бас көтере ала ма? Бағынбай кете ала ма?
Хорезмшах мемлекетін бағындырғаннан кейін Шыңғыс хан Сыр бойын Жошыға ал Амудария бойындағы қалаларды Шағатайға берді. Шағатайда көп сақталған шаһар қалды. Көп бай ел қалды.
Ал Жошыда қираған Отырар, күлі де қалмаған Сайрам сияқты жерлер қалды. Ондай жерде мықты мемлекет құруға бола ма? Бай болуға бола ма?
Сондықтан Жошы хан ордасымен Ұлытауға көшті. Ол жердегі қалын қыпшақпен араласып мықты одақтастарды жинай бастады. Қыпшақ хандығы неше түрлі уақ ұлысқа бөлінсе де моңғол шапқыншылығына ұшырамаған. Рас Еуропадағы қыпшақтар Орталық Азиядан Иранға, одан кейін Кавказ арқылы өткен моңғолдармен соғысты. Киевтік Русь деген елмен бірігіп 1223 жылы Калка өзені бойында моңғолдардан жеңіліп қырылды. Ол рас. Бірақ ол Еуропадағы қыпшақ қой. Және саны аз қыпшақ.
Неге екені белгісіз бірақ тарихшылар Калка өзені бойындағы шайқасты барша қыпшақтардың моңғолдардан жеңілгені сияқты етіп көрсетеді. Сол шайқастан кейін барша қыпшақ моңғолға бағына салғандай!
Дешті қыпшақ жерінде мықты одақтас тауып, елді біріктіріп Жошы хан боп сайланды. Ол заманда қыпшақ әлемдегі ең мықты ел болды. Не бір мемлекеттер одан қорықты. Еуропадан Азияға дейін.
Қазақи дәстүрлерді білмейтін тарихшылар Жошы ханның күнде той, күнде аңға баратының сынап отырған. Шыңдығында той жасау, аңға шығу ел көсемдерін жинау үшін жасалған әрекет.
Жошы хан мықты әскер жинаған соң әкесінің айтқаның елемеуді шығарды. А десе мә деп. Атасының сөзіне қосылмай кетті. Негізі Шыңғысхан өте қатал билеуші болған. Әміріне қарсы болғандардың басын алып отырған. Баласы ма? Туысқаны ма? Басқа бөтен адам ба? Оны ажыратпай қатал болған.
Бірақ құлан аулауға шығып мерт болады. Көп ұзамай атасы да қайтыс болады.
Шыңғысханға мұрагер боп Үгедей хан болса. Жошыға мұрагер боп оның ұлы Бату хан болады. Осы Бату хан Үгедейдің ұлы Күйік Моңғол империясының тағына хан боп отырғанда оған қарсы шығады, айтқаның орындамайды. Өйткені оның сөзін сөйлейтін қалын ел бар болған. Қуатты жауды жеңе алатын әскері де бар еді. Басқа ұлыстар түгелдей, Үгедей, Шағатай мен Төле ұлыстары Күйіктің айтқаның екі етпей ақ орындап жатты.
Күйік жолда аурып қайтыс болады. Бату ханның күшті болғаны сонша ол Моңғол тағына ойлаған адамды қоя сала беретін. Ал осы Бату ханның немересі Темір-Мөңке хан Моңғол империясын төртке бөле салады. Қалын әскермен келіп 1269 жылы Талас құрылтайын жиып. Шыңғысханның шапқыншылығы осылай аяқталады.
Ойраттардың шапқыншылығы
Он үшінші ғасырда моңғол тайпалары көп батырларынан неше түрлі жорықтарда айрылды. Қаншама әскербасы өзге елдің қазынасына жетем деп мерт болды. Демографтар тілімен айтсақ моңғол тайпалары арасында демографиялық шұңқыр пайда болды.
Ол шамамен елу жыл ішінде жабылып. Моңғол тайпалары өзге елдерді шабу ісін қайта жалғастырды. Тек осы жолы билік халха моңғолдардан, яғни шығыс моңғолдардан батыстағыларға көшті. Олар Орта Азия елдеріне неше түрлі жорық ұйымдастырып неше мың халықты қырды.
Бай, гүлденіп жатқан Жетісу мен Шығыс Түркістан ойраттардың шапқыншылығына ұшырады. Көп қала қиратылды. Қытай, Сібір, Тибет жерлеріне жойқын шабуыл жасады. Кейін Сыр бойындағы қалаларға көз салды.
Әлемді аман етіп сақтаған батыр болған қыпшақ
Ойраттарды тоқтата алатын бір ғана айбынды күш бар еді. Ол батыр қыпшақ. Және солай болды да. Қобыланды батыр жыры, Алпамыс батыры жыры, Қамбар батыр жыры сияқты әдеби туындыларды барша алаш біледі. Сол жырдарды оқысаныз қазақтың бас жауы қалмақ боп шығады. Осы батырлар ойраттарды талқандап олардың батысқа өтуіне жол бермейді.
Еуропа мен Азияны аман сақтап қалады. Ойраттарды оңтүстіктегі гүлденген шаһарларға жібермей қыра салады. Екінші моңғол шапқыншылығын Ресей, Еуропа, мұсылман елдері бастан кешпейді.
Кімнің арқасында? Батыр қазақтын арқасында! Қобыланды батыр сияқты қаһармандардың ерлігінің арқасында! Олар болмаса ойраттар Шыңғысханның істегенің қайталай салар еді.
Ойраттардың шапқыншылығы екі ғасырға созылып ақырында тежеліп тоқталды. Себебі қазақтар оларды талқандап жатты. Соңғы соққыны ойраттарға бауырлас халха моңғолдар жасады. Олар 1479-1481 жылдары әлсіреп қалған ойрат мемлекетін талқандап кетеді.
Қайта қалпына келген Шыңғысхан империясы
Ойраттар жеңіліп тынышталғаннан кейін билік қайтадан Шыңғыс ханның ұрпақтарына көшті. Олар XV-XVI ғасырларда қайтадан бір мемлекетке барша моңғол тайпаларын біріктірді. Және қайтадан басқа елдерді шабу, қыру, тонауды қолға алды.
Атап айтқанда Қытай, ұйғыр, қырғыз, Сібір жерлеріне жойқын соққы жасады. Батысқа да көз салды. Бірақ ол кезде қазақтар мықты хандықты құрып қойған еді. Жетісу жеріне баса көктеп кірсе де ары бара алмады. Қасым хан мен оның баласы Хақназар хан бүткіл моңғолдың ханы Даянның әскерін талқандап шықты.
Шыңғыс ханның Орта Азияға жасаған жорығына дейінгі жерлерді түгелдей дерлік моңғолдар қайта бағындырды. Әсіресе Даян хан тұсында ерекше күшті күшке ие болды. Бірақ батысқа бұл жолы да баса көктеп бара алмады.
Даян хан атасы сияқты Еуропа мен Азия халқын қырып. Қызын күң, ұлын құл ете алмады. Себебі олардың жолында батыр қазақ бар еді.
Төрт ойрат одағы
Даян хан құрған мемлекет оның ұрпағына мұра боп қалды. Олар оны бірнеше бөліп ұсақтата, майдалап салды. Халха моңғолдарының әлсіреп қалғаның қалмақтар шебер пайдаланды. Олар өз мемлекетін қайта құрып, басқа елдерді тонауды қайта қолға алды. Шамамен Есім хан тұсында мемлекеті қайта құрылды.
XVI басында қазақ жеріне қалын әскер жинап аттанды. Оған батыр қазақ көне ме? Соғыспай жатып жеңіле қала ма? Есім хан ол кезде Орта Азиядағы шайбанидтермен соғысып жатса да қалын әскер жинап қалмақтарды талқандады.
Қазақ жерін жаулап аламыз деген қалмақтар Есім хан басқарған әскерден ойсырай жеңіліп Оңтүстік Сібір арқылы Еділге қашты. Ол жерде біраз тұрақтап қалды. Бірнеше жылдан кейін Еділ қалмақтары өз мемлекетін құрды.
Еділ қалмақтары
Еділге жеткен қалмақтар осы жердегі біріне бірі жау болған башқұрт, ноғай, татар жұртын оңай жеңіп олардың жерін тартып алды. Ноғай елінің шығыс бөлігі қазаққа қосылып Кіші жүзді құрды. Ал батыс бөлігі орысқа қарап қалды.
Батыс ноғай билеушісі орысқа тәуелді болған сон. Орыс мемлекетіне енген сон ол жақтан көмек сұрады. Ақ патшаға бізді қалмақтан құтқар деп жалынды. Бірақ анау оны алдап көмек бермеді. Қайта орыстың өзі қалмаққа тәуелді боп қалды.
Орыстар қалмақтарға оқ дәрі мен мылтық беруге міндетті боп қалды. Оған себеп қалмақтардың орыс жеріне жасаған жорықтары. Негізі Еділге шамамен қалмақтын үштен бір бөлігі ғана көшті.
Бірақ солай бола тұра. Еділ қалмақтары Еуропаның ең бір күшті мемлекетіне айналды. Олар башқұрттардың, татарларды, ноғайларды жеңді. Қырым ханының әскерін талқандады. Бірақ Қырым хандығын жаулап ала алмаған. Кавказда оларға ноғай мен шешендердің біріккен күші қарсы болып қалмақты женді.
Қазақ хандығына да көз салды. Бірақ Есім ханнан және оны баласы Жәңгір ханнан ойсырай жеңіліп қалды. Еділ мен Жайықты алса да ары бара алмады. Сарыарқаға тереңдей кетпеді.
Жоңғар хандығы
Шыңғыс ханның ұрпағы монғол жерінде әлсіреп кеткеннен кейін билікке жоңғарлар келді. Олар 1635 жылы Жоңғар хандығын құрды. Оның мақсаты бәз баяғы Шыңғысханның мемлекеті сияқты өзге елдерді жаулап алу. Басқа елді тонау, қыру. Адал еңбекпен тапқан байлыққа қол сұғу.
Алғашқы жорығын 1635 жылы қазаққа қарсы жасады. Ол кезде қазақтар оларды оңай жеңіп салды. Екінші жорығын 1642 жылы жасады. Атақты Орбұлақ шайқасы. Алты жүз әскермен тауға бекінген Жәңгір хан қалмақты жеңді.
Ақтабанды шұбырынды Алакөл сұлама
1723 жылы жоңғарлар бар күшін қазаққа жіберіп елімізге қаһарын төге салды. Шу мен Таласты, Сыр бойын жаулап алды. Түркістан қаласы біресе қазақ қолында қалып, біресе қонтайшы жағында қалады. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр ерлігімен ел арасына танып Қазақ хандығының астанасын бермей аянбай күресті.
Бірақ Кіші жүз ханы көп әскерге ие болмады. Оның қолы жоңғар күшінен бірнеше есе аз еді. Бар жоғы оң бес мыңдай. Қонтайшыда болса жетпіс мың сарбаз бар еді. Соған қарамастан Әбілхайыр хан жоңғарларла төтеп бере алды.
Тағы бір батыр ол арғын руынан шыққан Шақшақұлы ер Жәнібек. Жырларда оны Шақшақ Жәнібек дейді. Жәнібек батыр арғын күшін жинап жоңғарға соққы береді.
1728 жылы Бұланты шайқасы болған. Ол жерде Әбілхайыр хан, Бөгенбай батыр, Шақшақ Жәнібек, Қабанбай батыр, Баян батыр қатысты. Жоңғар жағы ойсырай жеңілді.
XVIII ғасырдың 20-30 жылдары қазақ пен жоңғар арасында сол замандағы әлемдегі ең ірі шайқастар өтіп жатты. Мысалы Еуропада бар жоғы он жиырма мың әскермен соғысса, қазақ даласында жоңғар ғана жетпіс мыңдай әскер аттандарған. Қазақтың басқа жауларын қоспағанда. Ол заманда қазақ даласына жоңғар, еділ қалмағы, татар, башқұрт, қырғыз, өзбек жиі шабуыл жасап отырды. Соның бәрін данқты аталарымыз жеңіп шыққан!
Жоңғар мемлекеті орталықтанған, қонтайшы не айтса соны қарамағындылар екі етпей орындап отыратын күшті ел еді. Қазақ пен қоса ұйғыр, дүнген, қырғық, моңғол, қытай, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен жеріне де атой салып отырған.
Батырларымыздың арқасында ел мен жер аман қалды. Оған қоса сол заманның көмегей әулиелері мен ғұламалары, қазіргі тілмен айтсақ интелегенциясы елмен бірге еді. Олардың арасында елбасы деп билікке кіріптар жандар болмаған. Керісінше Бұқар жырау сияқты бабалар хандарды сынап отырған, тура сол сілтеп отырған.
Жоңғар хандығы осы заманда неше рет қазақ даласына баса көктеп кірсе де қазақ батырларының екпініне шыдай алмай кейін шегініп отырған. Сарыарқа, Жайық, Тобыл, Есіл, Маңғыстау сияқты жерлер аман қалды. Осы жорықтар жоңғар жағына оңай тимеді.
Неше түрлі шайқастарда мыңдаған сарбаз мерт болды. Мысалы Қалмаққырған, Аңырақай, Бұланты сияқты ірі шайқастарда. Соның салдарынан осы ғасырдың қырықыншы жылдарына таяу жоңғарларды күші сарқыла басталды.
Бар батырлары қазақ жерін құшақтап мерт болғандықтан басқа жауға төтеп бере алатын күш қалмады.
Жоңғарияның күйреуі
Қазақ жоңғарды түгелдей жеңіп елін аман етсе де оларға қастандық ойламады. Сол кездің ханы Абылай жоңғар тағына өз досын Аман санджыны қойды. Халықты қырмады. Оларға "ақтабан шұбырынды" сияқты геноция жасамады.
Бірақ қытай боғдыханы жоңғарды жойып жерін иеленуді ойлады. Қалын әскер жинап шамамен бір миллиондық халқы Жоңғар хандығын түгелдей дерлік жойды. Қыз, шал, бала деп қарамай халықты түгелдей жойды.
Кезінде қазаққа істеген Ақтабан шұбырынды өзіне келді. Ел арасында ер қалмаған соң жоңғарлар қытайдың мықты әскеріне төтеп бере алмады. Аман қалғандары қазақ жеріне қашты. Орыс болса екі арадағы қырғынды пайдаланып Алтай жағын өзіне қаратып алды.
Қытайды жеңген қазақтар
Қытай он жетінші ғасырда аса ірі әрі қуатты империя болған. Еуропа мен орыстың талай әскерін жеңіп отырған айбынды мемлекет еді. Мысалы Ресейдің Қиыр Шығыстағы қалаларын жермен жексен етті. Амур өзені бойындағы қалаларды.
Тибет пен ұйғыр жерін де басып алды. Моңғолия мен жоңғар жерін жаулап алды. Сонау замандағы Қытай қазіргі Қытайдан да үлкен еді. Неше түрлі мылтығы бар, зеңбірегі де бар. Оқ дәрі осы елден шыққан емес пе.
Жоңғар елін жаулап алғаннан кейін қазақ даласына шай пай демей баса көктеп кірді. Сол кезде қытайлардың саны жүздеген миллион еді. Ал қазақ саны көп болса бір миллондай болған. Бірақ өңкей батыр, өңкей дана ерлер болған. Шақшақ Жәнібек айтқандай - Қабанбайдың шайқасқа кірген жері есіктей, шыққан жағы жолдай! Бір соқса бес алтауын қыра салатын батыр болған.
Бөгенбай талай рет жекпе жекке шыққан батыр еді. Бір шайқас алдында оны жоңғар жағы жекпе жекке шақырыпты. Біреуін мерт қылып екіншісі шықты. Біріншісінің кегін алам деп. Оны да мерт қылды. Үшінші, төртінші, бесінші деп жетпіс батырды жекпе жекте бірінен соң бірін жеңіп шықты! Азанда шығып кешке дейін жалғыз өзі шайқасып жатты. Жоңғар жағы таң қалып тұрды. Мұндай қайратты батырдың ерлігіне сүйсініп!
Сондай батырлары бар елге қытай қалын әскер алып шапты. Бірақ ойдағыдай болмай қалып ойсырай жеңілді. Аягөз шайқасында қазақ жағы қытайларды ойсырай жеңді. Сарыарқа жеріне кірем деп тағы бір рет шабуылдады.
Бірақ ойдағыдай жеңіске жете алмай еліне қашты. Сол кезде қытай елін әлемдегі ең танымал император басқарды. Оның аты Цзянь Лунь. Қазақ арасында Абылай хан қандай болса қытай арасында осы Цзянь Лунь сондай орын алады.
Шаңды жорық
Қытай жағы қазақты жеңіп жерін алмай қалса да басқаларды қазаққа қарсы қоюды жөн көрді. Әсіресе Еділ бойында қалған қалмақтарды қазаққа қарсы айдап салуды құптап. Жоңғария жерінде ел қырылғаннан кейін ол жақ берекесіз боп қалды.
Оған қоса қазақтар ай сайын қытай қорғаны жаққа жақындай бере бастады. Бөгенбай мен Қабанбай батырлар бастаған қалын қол. Абылай хан басқарған Қазақ хандығы Қытайды осы жақтан ығыстыра бастады.
Еділ қалмақтары сол жаққа шығыстан көшіп орнаса да басқа елдермен соғысуды қоймаған. Башқұрт, ноғай, татар елдерін шауып отырған. Солардан алым салық алып отырды. Ресейдің Швеция мен Осмап империясына қарсы неше түрлі жорықтарына қатысып жатты. Ондай соғыстар елдің тозуына әкеп соқты. Бір кезде қуатты мемлекет әлсірей бастады.
Оған қоса Ресей өкіметі еділ қалмақтарының арқасында жауларынан ада болып енді өзін қыспаққа алды. Жасыратыны жоқ ноғай, башқұрт, татар елдері орыстардың шығысқа жылжуына кедергі болып отырған. Соларды қалмақ жағы жеңіп орыстың қолын бос етті. Ресей жағы жауынан азат болған соң не істеді?
Олар қалмақты қыспаққа алды. Жерін бөліп, алым салықты көбейтіп. Осы заманда ресейлік өкімет батыстағы көшпенділерді қыспаққа алды. Соған шыдай алмай қалмақтар қайта өз еліне көшуді жөн көрді.
Ол ел қазақ жерінің ар жағында жатқан еді. Қалмақ хандары сұрап өтудің орнына қалын әскермен шауып өтуды жөн көрді. Сол кезде қазақ жоңғар мен қалмаққа жау болмаған. Мысалы талай жоңғар қытайдан қашып қазақ жерінде пана тапты.
Еділ мен Жайықтан бастап шығысқа қалмақтардың көші басталды. Осы көш қазақ пен қалмақ арасында болған соңғы ірі соғыс болды. Қазақтар бастаған әскерге төтеп бере алмай қалмақтар қойдай қырылды. Талай қалмақ тұтқын боп алынды.
Нәтижесінде қалмақ ханының шағын тобы ғана аман қалды. Қытайға сондай шағын қолмен жетті. Ол жақта оларды шекара маңына жайғасып қазаққа қарсы тұруды мақсат етті.
Сөйтіп шамамен мың жылға созылған соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды. Қазір қалмақ пен жоңғар деген этностар аз халықтардың қатарында. Кезінде айды көкке шығара алатындай болған елдер қазір шағын халықтардың қатарында.
Ал қазақ болса өз жерін басқаға бермей аман есен сақтап қалды. Өзгеге жамандық тілемей бұл күнге шейін жетті.
Пән: Тарих