×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Еуразия материгі - әлемдегі ең үлкен материк

Создание интернет магазина

Еуразия материгі әлемдегі ең үлкен материк боп табылады, оның ауданы 54 миллион шаршы километр. Еуразияда адамзат өркениеті мен мәдениетінің қайнар көзі болған мемлекеттер орналасқан. 2013 жылдың мәліметтеріне сәйкес Еуразия құрлығында бес миллиардтан астам халық тұрады, қалған бес материкте бар жоғы екі миллиард тұрады.

Біздің еліміз осы құрлықтың дәл ортасында, центрінде орналасқан:

Еуразия

Соңдықтан біздің еліміз сонау замандардан бастап сауда саттық жолдарын құрған. Атақты Ұлы Жібек Жолын талай ғасырлар бойы, біресе сақтар, біресе хұндар, біресе түріктер бақылап түрған.

Еуропа мен Азия

Шартты түрде Еуразия материгін екіге бөледі, Еуропа мен Азияға. Шартты бөліну сызығы Жайық өзені мен Орал таулары арқылы өтеді:

Еуропа мен Азия

Атырау қаласының бір бөлігі Еуропада ал екінші бір бөлігі Азияда орналасқан. Жайық өзенінде салынған көпір арқылы Еуропадан Азияға бірнеше минутта жетіп алуға болады.

Еуразия материгі адамзаттың дамуында елеулі рөл атқарған. Қазір де оның маңызы зор. Дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің көбі осы материкте орналасқан. Еуропа және Шығыс Азияда, солардың қатарына - Германияны, Францияның, Ұлыбританияны, Австрия, Швейцария, Жапонияны, Сингапурды жатқызуға болады. Қытай, Ресей, Қазақстан сияқты елдер дамушы елдер қатарына жатқызылады.

Бірақ материктің оңтүстігінде экономикасы дамымаған, кедейшілікке ұшыраған елдер бар. Мысалы Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Бангладеш. Осы елдердегі халықтың біразы таза суға да тапшы.

Пән: География