×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қабдеш Жұмаділов

Создание интернет магазина

Өмірі. Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушыларының бірі - Қабдеш Жұмаділов. Ол  Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай тауының түстік бетіндегі Қытайға қарасты Шәуешек шаһарының маңындағы Малдыбай мекенінде 1936 жылдың 24 сәуірінде дүниеге келген. Қазақстанға ел-жұртпен бірге алпысыншы жылдары ауып келген. "Қазақ әдебиеті"газеті мен "Жазушы" баспасында, Мемлекеттік Баспасөз комитетінде қызмет атқарған. Бүгінде шығармашылықпен айналысады.

Шығармалары. Жазушы шығармашылығын талдағанда, негізгі екі тақырыпты баса көрсетуге болады. Бірі -Қытай қазақтарының өмір-тіршілігі болса, екінішсі Қазақстан, яғни,  еліміздегі қандастарымыздың өмір-тіршілігін суреттейтін шығармалар. Біріншісіне, екі кітаптан тұратын "Соңғы көш" дилогиясы мен "Тағдыр", "Таңғажайып дүние" ғұмырнамалық романдары жатады. Ал екіншісіне,  "Атамекен", "Көкейкесті" романдары мен "Саржайлау", "Сәйгүліктер", "Бір қаланың тұрғындары", "Қарауыл хикаяттары", "Бір тораңғы" және т.б. повесть, әңгімелері кіреді. Ал, екі кітаптан тұратын "Дарабоз" дилогиясы тарихи тақырыпқа арналған, жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқасқан дарабоз батыр Қабанбай батырдың күрескерлік бейнесі сомдалады. 

Жазушының ресрубликалық Мемлекеттік сыйлығын әперген "Соңғы көш" романдарында Шығыс Түркістан аймағын мекендеген қазақтардың тағдыры бедерленеді. Бұл кітапта қытай қазақтарының өмірі, салт-дәстүрлері кеңінен қамтылған.

Пән: Қазақ әдебиеті