Температура дегеніміз не? Цельсий шкаласы
Температура дегеніміз не? Температура заттардағы жылудың мөлшерің сипаттайтын шама. Неғұрлым затта көп жылу бар болса, соғұрлым заттың температурасы жоғары болады.
Немесе затта неғұрлым аз жылу бар болса, соғұрлым заттың температурасы аз болады.
Цельсий шкаласы
Жылуды өлшейтін құрал термометр деп аталады. Қазақстанда және Әлемнің көптеген елдерінде температура Цельсий шкаласымен өлшенеді. Цельсий шкаласы судың қатуына және қайнауына негізделген.
Цельсий шкаласында 0 градус деп судын қатаю температурасы, ал 100 градус деп судын қайнау температурасы деп белгіленген:
Судын қайнауынан жоғары температуралар 100 көп деп, ал судын қатаю температурасынан төмен температуралар теріс температуралар деп келісілген.
Әлемде бұл шкала жиі қолданады. Тек АҚШ сияқты бір-екі ел Фаренгейт шкаласын қолданады.
Абсолюттік нөль
Физикада температураны цельсимен емес кельвинмен есептеуге келісілген. Кельвин дегеніміз цельсий сияқты градус шкаласы, тек бұнда температура шкаласының басы деп судын қатаю температурасы емес, абсолюттік нөль алынған.
Абсолюттік нөл дегеніміз цельсий шкаласымен есептегенде, шамамен -273,15 градусқа тең градус. Бұл градус табиғаттағы ең төмен температура боп саналады, бұдан төмен температура жоқ!
Пән: Физика
Малсың сен
Кенжегул Жанабаева
Жауап беру | Өзгерту | Жою