×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тербелмелі қозғалыс, тербеліс периоды, тербеліс амплитудасы

Создание интернет магазина

Алтыбақан теуіп отырған екі адам біресе сол жаққа көтеріледі, біресе ортаға келіп төмендейді де одан кейін оң жаққа барып қайта көтеріледі:

Тербелмелі қозғалыс

Адамдар еш жерге бармайды. Біресе төмен біресе жоғары көтеріліп тұйық траекторияны жасап қозғалады. Қозғалыс белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отырады. Бұл тербелмелі қозғалыс деп аталады. Тербеліс дегеніміз осы. Бұнда дене бір жерден өзге жерге қайтпай ауысып кетпейді.

Тербеліс периоды

Тербелмелі қозғалыс кезінде қозғалыс талай рет қайталанады. Қозғалыстың бір рет қайталануына кеткен уақыт тербеліс периоды деп аталады.

Мысалы, алтыбақан сол жақтың ең биік нүктесіне жетеді де ортаға қайтып барып төмендейді, кейін оңға көтеріледі де, ортаға қайта барып төмендейді, одан кейін солға көтеріледі де бастапқы нүктесіне оралады. Бұл қозғалысқа кеткен уақыт алтыбақанның тербеліс периоды болады.

Тербеліс амплитудасы

Дененің тербелмелі қозғалыс кезінде тепе-теңдік нүктесінен ең көп ауытқуы тербеліс амплитудасы деп аталады.

Пән: Физика