Буын
Буын. Буын - сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы. Мәселен: ау-ла-мыз-да, ай-та-тын- да-ры-мыз-дың.
Буынның негізгі белгілері. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дауысты дыбыс жеке тұрып өзі бір буын құрайды: ә-ке, а-лаң. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Ашық буын - бір ғана дауысты дыбыстан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын. Мәселен: а-па, қа-ла, бо-са-ға, ар-ба-ны, т. б.
Тұйық буын - дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын. Мәселен: ұл, ақы-мақ, ә-дет, өр-нек, т.б.
Бітеу буын - дауыссызан басталып, дауыссызға аяқталатын буын. Мәселен: сен, төрт, сөз, мек-теп, т.б.
Пән: Қазақ тілі