×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сәкен Сейфуллин

Создание интернет магазина

Өмірі. Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің негізін салушы көрнекті тұлғаларының бірі, қоғам қайраткері. 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туылған. Ауыл мұғалімі болып жүрген Cәкенге 1916,1917 жылғы көтерілістер мен аласапыран оқиғалар қатты әсер етеді. Өзі де күреске бел шешіп кірісіп, елдің қалың ортасынан табылады. Колчак түрмесінде отырып, тар жол, тайғақ кешуден өтеді. 1920 жылдан жаңа құрылған Қазақ Республикасының жоғарғы мемлекеттік қызметтеріне белсене атсалысады. "Еңбекші қазақ", "Әдебиет майданы" басылымдарының редакторы болып, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. 1938 жылы жазықсыз сталиндік репрессияға ілігіп, атылып кетеді.

Шығармашылығы. Оның от-жалынды қаламынан "Экспресс", "Асау тұлпар", "Альбатрос", "Қызыл ат", "Көкшетау", "Аққудың айырылуы" атты жыр-дастандар, "Тар жол, тайғақ кешу", "Жер қазғандар" сынды прозалық шығармалар, "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар" драмалары жарық көрді.

Оның ақындық қуатын биіктен көрсетен шығармаларының бірі "Көкшетау" поэмасы. Арқа төріндегі Көкшетаудың сұлу табиғатын жыр тілімен көркем бедерлеп,"Оқжетпес", "Жеке батыр", Жұмбақ тас" тарихи аңыздары желісімен Адақ атты қазақ батыры мен тұтқын қалмақ қызының  көркем образын сомдап шыңарады.

Пән: Қазақ әдебиеті