Мезолит дәуірі және микролиттер
Мезолит дәуірі біздің заманымызға дейінгі 12-5 мыңжылдықтарды қамтыған. Осы дәуірде микролиттер пайда болған, микролиттер дегеніміз ұзындығы 1-2 сантиметр болатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар:
Бұл суретте микролиттерді ағашқа бекіткен.
Және кейінгі замандарда көп қолданған садақ та осы мезолит дәуірінде пайда болған. Көне адамдар мезолитке дейінгі дәуірлерде мамонт сияқты ірі аңдардың етін және терісін жеп күн көрсе, мезолитте бұндай аңдар жойылып кеткен. Ірі аңдардың орнына жабайы аттар, бұқалар, қой-ешкілер, түйелер сияқты ұсақ (мамонтпен салыстырғанда) жануарлар көбейді. Бұл жануарлардың бір ерекшелігі бар - бұлар тым жылдам қозғалады, соңдықтан оларды ұстау үшін ескі қарулардың, найза мен пышақ сияқтылардың пайдасы шамалы еді. Сөйтіп садақ ойлап табылды.
Мезолиттегі адамдардың негізгі кәсібі аңшылық болғандықтан, ел малмен бірге көшіп жүрген.
Малшылықтың қалыптасуы
Көне адамдар жабайы жануарларды өлтіргенде, олардың кішкентай, қорғансыз төлелерін өлтірмеген. Оларды өсіріп, өскеннен кейін бауыздаған. Сөйтіп малшылық қалыптасты. Қазіргі үй жануарлардың көбі сол дәуірде - мезолит дәуірінде қолға үйретілген.
Иттер үйлердің айналысында адамдардың жемеген тамақтарын жеп, қолға үйретілді. Ит аң аулауда адамдардың көмекшісіне айналды.
Мезолиттегі қоғам
Осы мезолит дәуірінде рулар бірігіп ірі тайпаларды құра бастады. Ру ішінде адамдар үшке бөлінді - балалар, ересектер және қариялар.
Қариялар кеңес беріп отырған, сонымен қатар әдеп-ғұрыптарды сақтап отырған, ел басқарушылары бола алған. Ересектер аң аулаған, үй салған. Балалар үлкендерден үлгі тұтқан.
Пән: Тарих