×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Кейінгі палеолит дәуірі

Создание интернет магазина

Кейінгі палеолит дәуірі б.з.б 40-12 мың жыл арасында болған. Кейінгі палеолитте адамдар барлық құрлықтарды мекендеп (Антарктидадан басқасы), нәсілдерге бөліне бастады. Бұл заманда рулық қауым қалыптаса бастады. Адамдар топ-тобымен өмір сүре бастады:

Кейінгі палеолит

Бір атаның балалары бірігіп бір руды құрды.

Адамдар тас пен ағаштан жасалған құралдарды бұл уақытта одан әрі жетілдіре түсті. Найза мен сүңгі көп пайдаланған.

Кейінгі тас дәуірінің соңында Жер планетасындағы климат өзгере бастады. Мұздықтар еріп ауа-райы жылына бастады. Температура көтерілген сайын, жасыл шөптің өсуіне қажетті су азая бастады.

Бұндай климат шөпті негізгі қорек ететін мамонттар үшін ыңғайсыз еді. Сөйтіп олар жер бетінен жойыла бастады, біздің заманымыздан 10 мың жыл бұрын олар толығымен жойылып кетті. Ал бұл жануарлар көне адамдарға корек болған.

Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит тұрақтары

Қазақстан аумағында кейінгі палеолит дәуіріндегі тұрақтар - Орталық Қазақстанда (Семізбұғы, Батпақ, Қарабас, Ангренсор), Шығыс Қазақстанда (Бұқтырма, Шүлбі) және Оңтүстік Қазақстанда (Ащысай, Жетісу, Майбұлақ) табылған.

Бұдан басқа да тұрақтар бар шығар, Қазақстанымыз кең болғандықтан, жердің барлық сырлары әлі ашылмаған.

Саналы адам

Кейінгі палеолитте адамдар бірігіп тұра бастады да бір-бірімен қарым-қатынастары жиіледі. Тіл және ми дамыды. Сөйтіп "саналы адам" пайда болды. Көп ойлайтын, түрлі бұйымдарды жасайтын адамдар пайда болды.

Саналы адамның алғашқы сүйектері Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Осы себептен саналы адамды "кроманьондық" деп те атайды.

Пән: Тарих