×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Геометрия ғылымы нені зерттейді?

Создание интернет магазина

Геометрия ғылымы нені зерттейді? Геометрия ғылымы геометриялық фигуралардың қасиеттерің зерттейді. Геометриялық фигураларға мына фигураларды жатқызуға болады:

Геометрия ғылымы

Біріншісі тіктөртбұрыш, екіншісі үшбұрыш ал үшіншісі шеңбер деп аталады. Мысалы дөңгелек үстелдің беті шеңбер болады.

Геометрия сөзі көне гректің "гео" - жер және "метрия" - өлшеу деген сөздерден құралған, яғни геометрия сөзі "жердіөлшеу" деп қазақшаға аударылады. Бұлай аталуы геометрия ғылымының жерді өлшеу мәселелерің шешу кезінде пайда болып дамуында.

Мектепте евклидтік геометрия оқылады, Евклид көне гректің ұлы геометры. Мектептегі геометрия екі бөлімге бөлінеді - планиметрия және стереометрия.

Планиметрия

Планиметрия деген не? Планиметрия бір жазықтықта жатқан фигураларды зерттің ғылым. Мысалы үшбұрыш, квадрат, нүкте тағы сол сияқтыларды. Қағаз бетіне салынған фигуралар бір жазықтықта жатады.

Стереометрия

Стереометрия деген не? Стереометрия кеңістіктегі фигураларды зерттейтін ғылым. Мысалы сфераның, кубтың, конустың көлемің есептеу:

Куб сфера және конус

Стереометрияны планеметриядан кейін оқиды.

Пән: Геометрия