×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Девальвация деген не?

Девальвация деген не? Девальвация бұл тенгенің құнсыздануы. Мысалы 2014 жылдың басында бір доллар 155 тенге болған еді, бұл дегеніміз бір долларды 155 тенгеге сата аласыз. Кейін 11 ақпанда Ұлттық Банк тенгенің долларға шаққандағы курсын 185 тенге деп бекітті. Яғни 2014 жылдың 10 ақпанында бір доллар үшін 155 тенге берсе, 11 ақпанда 185 тенге берген.

Бұның салдарынан барлық тауарлар аздап-аздап қымбаттай бастады. Девальвацияның салдарынан тенгеміз құнсыздана бере жатыр. Мысалы 2013 жылы MacBook ноутбугі 1000 доллар тұрса бұл 155 000 тенге болған еді, қазір де осы ноутбук 1000 доллар тұрады, бірақ тенгемен есептегендегі қазіргі (2021 жыл) бағасы 425 000 болады!

Тек қазақтың тенгесі ғана емес, орыстың рублі де, қырғыздың сомы да, бразилияның реалы да, түріктің лирасы да соңғы жылдары девальвацияға ұшырап жатыр.

Девальвацияның аңықтамасы

Девальвация бұл бір валютаның өзге валюталарға шаққандағы курсының төмендеуі. Басқаша айтсақ девальвация бұл бір валютаның өзгелерге қарағандағы бағасының азаюы.

Девальвацияның қаупі зор!

Кейбір мамандар девальвация эконимкаға пайдалы әсер етіп жатыр дейді, бірақ бұл олай емес. Бұл өте күрделі сұрақ. Сыртқы нарықтарға тауар мен шикізат сататын компаниялардың табысы артады, себебі бұлар тауарларды өзге валютамен сатады. Мысалы мұнайды сыртқы нарықтарда долларға сатады, ал жұмысшыларға тенгемен жалақы төлейді.

Бірақ ішкі нарыққа арнап тауар өндіретін компаниялардың жағдайы ауырлайды. Девальвация болғаннан кейін шикізат бірден қымбаттайды себебі негізінен сырттан әкелінеді, оған қоса тауарды өндіруге керек құрал-саймандар, жабдықтар, компьютерлер, станоктар шетелден алып келінетіндіктен бұлардың да тенгемен есептегендегі бағасы күрт артады.

Ал тауардың бағасын тез арттыра алмайсыз, өйткені халықтың табысы девальвациямен бірге артпайды, біреу 150 000 тенге алса, екі жылдан кейін де, үш жылдан кейін де осы 150 000 тенге алып жатуы мүмкін. Көпшілігіміз сол баяғы 100-150 мын тенге 10 жыл бойы алып жатырмыз.

Соңдықтан ішкі нарықта тауар өндіретін компаниялар тауар бағасын аз арттырады, өз пайдасын азайтып. Бұл сыртқы және ішкі инвестициялардың экономикаға құюылуын бәсендетеді.

Санат: "Есінді жиып, елінді тап"