×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қазақ жалқау ма?

Қазақ жалқау ма? Кейбір кітаптерде, өлеңдер жинақтарында, оқулықтарда қазақ жалқау деген ой бар. Бұнысы дұрыс па? Бұл шыңдыққа сай келе& ме?

Қазақ жалқау десек, онда бұл кең байтақ жерге қалайша ие боп тұрмыз? Қаншама зауыттар мен фабрикалар, кәсіпорындар, компаниялар, ауруханалар, мектептер және басқа мекемелер қалайша жұмыс істеп тұр? Бұлардың қызметкерлері мен жұмысшыларының барлығы жалқау ма?

Жұмысшы жалқау болса, оған қалайша жалақы төленеді? Жалқау болса бастығы қуып жібермей ме?

Қалалардағы кешкі автобусқа отырсаңыз, жұмыстан қайтып жатқан, шаршаған қалын қазақты көре аласыз. Өзге ұлттардың өкілдерін де. Бәрі бір ай бойы аянбай, ерінбей, балам үшін, отбасым үшін деп жұмыс істеп жүрген ғазиз жандар. Бұлардың арасынан ерігіп жүргендерді байқамайсыз, орынсыз сөйлеп отырғандарды да. Жан-жаққа миллиондарды шашып жүрген адамдарды да байқамайсыз.

Бұларға қазақ жалқаусын дегенінің өзі күнә емес пе? Тапқан айлығы да миллион емес - пәтерге, ауқатқа, киімге деп тез ақ бітіп қалады.

Көне қазақ жалқау болды ма?

Көне қазақ бізден бір төбе артық болған. Бұлар да өнкей ғазиз жандар еді. Елім, жерім деп жау шебін бұзған. Абылайлап жауды жеңген. Тарихи деректер мен аңыздарға сенсек, қазақ батырлары 70-ке келдім шал болдым, 80-ке келдім қартайдым демей жастармен бірге шайқасқан. Жекпе-жекке де шығып, жеңіп отырған! Мысалы - Бөгенбай, Қабанбай, Қобыланды, Абылай, Хақназар, Қарасай, Қамбар сияқты батырлар мен хандар қарт болса да, ақсақал болса да соғыстан қашпаған. Керісінше, соғыста жаудың тас-талқаның шығарған.

Өмір бойы жаумен шайқасқан қазақ жалқау бола ала ма? Сексенге келсе де қолындағы найзасын ұмытпаған қазақ жалқау бола ала ма?

Сондықтан қазақ жалқау дегенді ұмыту керек.

Қазақ жалқау деген ой қайдан шықты?

Он тоғызыншы ғасырда қазақтың төрелері мен байларының біразі ақ патшаның шеңіне қызығып елін сатқан. Атақты Кеңесары ханды алтын сомға сатып кеткен. Бұл бай төрелер қазақтың барша жайлауын өзіне меншіктеген.

Сөйтіп бар жер байдікі, бар мал байдікі боп қалды. Қалын қазақ байға жалшы болудан басқа лаж таппай малын бағып жүрді. Сол байлардың біразі кедейдің ақысын жеп, қазақ жалқау дегенді шығарды, ақы төлемеу үшін. Маған сенбесеңіз Бейімбет Майлиннің кітаптарын оқыныз.

Бейімбетіміздің өзі де 7 жастан бастап байдың қойын бақты, сондықтан байлардың арамдығын айтса біліп айтқан, жазса көріп жазған.

Қазақтар, өзге ұлттар өздерің кемсітпейді!

Өзге іргелі ұлттардың, мемлекеттердің барлығында өз елін кемсіту деген ой жоқ. Мысалы, орыстар өз тілін - "Великий и могучий" дейді, ал ағылшындықтар өз елін Ұлыбритания дейді, яғни Ұлы дегенді ұмытпай, қытайлар өз елін "Аспан асты елі" дейді.

Ал сақтар мен ғұндардың ұрпағы неге өзін кемсітеді? Қазақ бұлардан несімен кем? Жер десе кең байтақ жері бар, ел десе дана әрі батыр халқы бар.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтан етпеу – сатқындық

Атақты Бауыржан Момыш-ұлы "Өз ұлтын сыйламау, оны мақтан етпеу – сатқындық" деген емес пе. Бұған құлақ салайық. Өзге елдерде Бәукенің әңгімелерін, өлеңдерің, кітаптарын жатқа оқиды. Мысалы Куба елінде. Түркия мен Израилде де. Бұлар Бауыржанымызды патриот болудың үлгісі деп таниды. Жастарға елінді сүйсен, Бауыржандай сүй деп.

Біз де, бұдан ғибрат алайық. Яғни қазақ жалқау дегенді ұмытайық, қазақты кемсітуді ұмытайық. Есесіне бұдан еш пайда көріп тұрған жоқпыз, тек еңсесі түскен жастарды ғана көре аламыз.

Санат: "Есінді жиып, елінді тап"