Алаш Инфо алфавиті
Осы жерде қазақ тілінің жаңа латын алфавиті ұсынылады, бұл алфавит тек латын әріптерге ғана негізделген. Бұны Алаш Инфо алфавиті дейміз. Министрлік бекіткен және қолданысқа еңгізілген алфавитпен шатастырманыз!
Мысалы, Бөгембай батыр Алаш Инфо алфавитінде былай жазылады - Bohgembaj batyr. Басқа танымал аттар - Qabanbaj batyr, Abylaj khan, Ybyraj Altynsarjn, Maghzhan Zhumabaj, Qobylandy batyr.
Мысалы, Махамбеттің "Ерлердің ісі бітер ме?" деген атақты өлеңі осы алфавитта былай жазылады:
Berkinip sadaq asynbaj,
Birtindep zhaudy qashyrmaj,
Biltelige dop salmaj,
Qoramsaqqa qol salmaj,
Qozy zhauryn oq almaj,
Atqan oghy zhoghalmaj,
Baldaghy altyn quhrysh bolat,
Baldaghynan qangha boyalmaj,
Qasarysqan zhauyna
Qandy kohbik zhuhtqyzbaj,
Qalyqqa tentek atanbaj,
Erlerdin isi biter me?
Міне барлық әріптер:
A - А | U - У |
Ah - Ә | Uh - Ұ |
B - Б | Ch - Ч |
C - Ц | Sh - Ш |
D - Д | Zh - Ж |
E - Е | J - И |
G - Г | I - І |
Gh - Ғ | Ya - Я |
K - К | Q - Қ |
L - Л | F - Ф |
M - М | Eh - Э |
N - Н | R - Р |
Nh - Ң | S - С |
Oh - Ө | T - Т |
P - П | V - В |
W - Ү | H - арнайы әріп |
Бұл жерде байқасаныз ағылшын алфавитінің дәстүрлі диграфтары тұр, мысалы ch бұл ч, sh бұл ш және басқалары. Бірақ осы жерде H әрпі ешбір дыбысқа сәйкес келмейді, бұл басқа әріптермен қосылғанда ғана жаңа дыбыс береді, бірақ өзі ешбір дыбысқа сәйкес келмейді.
Бұл математикадағы 0 сияқты! Мысалы 10 алма бар, 20 алма бар, 1 алма бар, 2 алма да бар. Бірақ 0 алма жоқ қой!
Алаш инфо алфавитінің артықшылықтары
Бұл алфавиттің көп артықшылықтары бар, бұларды осында теріп жазайық.
Ақша үнемделеді
Бұл алфавит нағыз латын алфавитінің әріптеріне ғана негізделгендіктен бұны ақша жұмсамай пайдалана беруге болады. Жаңа - компьютер, ноутбук, планшет, клавиатура сатып алмай. Себебі ағылшын алфавитінің әріптері барлық гаджеттерде бар. Бұны дәл қазір пайдалана берсек те болады!
Барлық шрифтерді пайдалана аламыз
Қазір интернетте көп сәнді шрифтер бар. Бұларды дизайнерлер қаладағы не интернеттегі сәнді жарнамалық баннерлерді жазуға пайдалынады. Өкінішке орай бұлардың көбі қазіргі қазақ тіліне дағдыланбаған. Бұларда ғ, ң сияқты әріптер жоқ. Ал мына алфавитті оп-онай ақ пайдалануға болады.
Гугл фонт пен Адоб фонттың барлық шрифтерің оңай қазақ тіліндегі жазуларға пайдалана аламыз! Бұны барлық дизайнерлер біледі.
Бағдарламаларды оңай пайдалана аламыз
Кейбір бағдарламау кешендері тек ағылшын тілінде ғана жасалған, не халқы көп - герман, француз, италян сияқты елдердің тілдеріне ғана бейімделіп жасалған. Қазір бұларды қазақ тіліндегі сайтқа қолдану үшін біраз күш жұмсау керек, кирилицаның ғ, ү, ұ сияқты әріптерін еңгізу үшін.
Ал мына алфавитпен ешбір қиындықсыз барлық ақпараттық бағдарламаларды пайдалана аламыз. Себебі бұл алфавит ағылшын тілінің әріптеріне негізделген ал бұлар барлық жерде бар!
Сайт аттары қазақ тілінде жазылады
Қазір, өкінішке орай сайт аттарын қазақша жаза алмаймыз. Себебі кирилицамен сайт атын жазуға болмайды. Сайт аттары және жалпы интернеттегі сілтемелердің адрестері тек қана латын алфавитінде жазылады. Бұл алфавитті пайдаланып кез келген атты сайтқа таңдай аламыз!
Өзгелерге қазақ тілін үйрену жеңілдеу болады
Әлем елдерінде ағылшын тілі оқылады, сондықтан барлығы латын алфавитін жақсы біледі. Бұлар қазақ тілінде латын алфавитің қолданса тезірек тілімізді меңгере алады.
Шетелдегі қандастарымымызды қолдаймыз!
Қазір өкінішке орай шетелде көп қазақ бар! Бұлардың қолданып жатқан алфавиттері әрқилы. Біреуі кирилицаны пайдалынады, біреуі көне араб жазуын, ал басқалары түрік тіліндегідей латын алфавитін қолданады.
Бұлар өзге елде жүргендіктен оларға ешкім мектеп пен университеттердің компьютерлеріне қазақ алфавитін орнатып бермейді. Қазір министрлік қолдана бастаған алфавит шетел елдің басшыларына не керек? Ресей мен ТМД елдерінде, жарайды орнататын шығар, ал басқа елдерде ше!
Ал мына алфавитті бауырларымыз оп-оңай ақ пайдалана береді! Себебі ағылшын тілі барлық компьютерлерде бар.
Шетелде оқып не жұмыс істеп жүргендерге көмектесеміз!
Шетелде оқып не жұмыс істеп жүрген адамдар басқаның компьютерлерін пайдалануға мәжбүр. Мысалы шетел университеттерде компьютерлердің клавиатурасында ағылшын тілінің әріптері мен жергілікті халықтын әріптері ғана бар болады. Ешкім сонда Қазақстаннан клавиатураны әкеп қоймайтын шығар!
Сондықтан мына Алаш Инфо алфавитін сол жерде де пайдалануға болады. Ал министрліктің пайдалана алмайды.
Санат: Руханият