Адамгершілік деген не? Адами қасиеттер тізімі. Жақсы адам, жаман адам
Адамгершілік деген не? Адамгершілік бұл достарын сыйлау, үлкендерді құрметтеу, өзгелерге зиян тигізбеу, тек өз қара басын ғана ойламау және тағы сол сияқты ізгі қасиеттер.
Көне гректің Перикл деген қолбасшысы, ел көсемі бар еді. Осы Перикл соғыста жауды талай рет жеңген, ақылды, данагөй басшы бола алған.
Бір күні Перикл халық алдында сөз айтып тұрғанда, біреу кеп оны балағаттай, жамандай бастады. Перикл таңнан кешке дейін осы адамның айтқанына мән бермей өз жұмысын жалғастыра берген. Кеш батып үйіне қатқанша осы адам Периклді жамандап, үйіне дейін балағаттап кеткен.
Перикл болса, үйіне кіріп, үй қызметшісіне: "Далада тұрған адамға шам бер, қараңғы ғой, үйіне жетсін, адасып қалмасын" деген! Адамгершілік деген осы.
Адами қасиеттер тізімі
Адамгершілік бұл шеті, шегі жоқ мұхит сияқты. Кейбір адамдардың адамгершілігіне сүйсінесің, ал кейбіреуіне таң қаласын. Адамгершілік адами қасиеттерден басталады. Адами қасиеттер бұл өзіне ғана емес, өзгелерге де пайдалы бола алу. Адамдар бір-бірін осы адами қасиеттер арқылы бағалайды. Жақсы адам мен жаман адамның арасы адами қасиеттердің бар не жоқ болуында ғана.
Осы жерде негізгі адами қасиеттер тізімі келтірілген.
Әдептілік
Әдептілік бұл адами қасиеттердің арасындағы ең көзге көрінетіні. Біреу бөлмеге кіріп үлкендермен амандасып жатса бұл әдептілік. Кешіріңіз, мына кезектің соңғысы кім деп сұрау да әдептілік. Кезекте тұрған адамдарды елемей кіре салу, әдепсіздікке жатады. Автобуста үлкен адамдарға, мүгедектерге орын беру де әдептілік.
Жауапкершілік
Жауапкершілік бұл өзгелерге және адамның өзіне көп пайда беретің пайдалы адами қасиет. Жауапкершілігі бар адамды бәрі сыйлайды, оған сенеді. Жақсы адам деп бағалайды.
Кішіпейілдік, қарапайымдылық
Қарапайымдылық та адами қасиетке жатады. Жақсы адам кішіпейіл болады, өзіне ғана деп санамай, өзгелерге де орын бере алады. Қателессе, кешіріңіз, ғафу етіңіз деп кешірім сұрап кетеді.
Адалдық
Адал бола алмаған дос кімге қажет? Адал бола алмаған жар кімге қажет? Еліне адал бола алмаған азамат кімге қажет? Елін, жерің доллар мен алтынға сатып отырған шенеунік кімге қажет?
Шыңшыл болу
Дос шың айтады, қас күліп айтады деген емес пе дана халқымыз! Өзгелерге өтірік айтпай, шыңшыл бола алу, шыңдықта айту бұл нағыз адами қасиет.
Сабырлық
Жақсы адам сабырлы болады. Өзгелерді тыңдап, өзінің ғана айтқанымен жүрмей. Біреу қатты сөйлессе, кешіріңіз деп кете салу керек. Бұл әсіресе қыздарға керек қасиет, жасыратыны жоқ, бұл заманда кейбір жігіттер ер емес ез боп туылады және қызды түсінбей қалса, алғашында қатты сөйлеп, кейін ұрысып, кейбіреулері біраз уақыттан кейін жұдырықтасып та жатады.
Ақылды қыз, сабырлы боп, сылтау тауып кетіп қалады (анам шақырып жатыр деп), ақылсыз қыз сабырсыз боп, айғайғап, жұдырықтасқанша дейін кетпей тұрады.
Еңбекқорлық
Еңбек ету адамды өзге жануарлардан ерекшелендіретің қасиет. "Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тілендей!" деп айтқан емес пе бір атақты философ ақынымыз. Еңбек ету тек пайда табу ғана емес, сонымен қатар өзгелерге де пайдалы бола алу үшін керек, еліне пайдалы болу үшін керек.
Адам еңбек етпесе адамның бойында - ашушаңдық, еріншектік және басқа, жаман адамға тәне қасиеттер пайда болады. Бұл жайында да сол баяғы ақын өзінің бір қара сөзінде айтқан.
Батырлық
Батырлық бұл адамгершілдіктің ең жоғарғы сатысы, деңгейі! Мысалы көне замандағы - Бөгенбай, Қабанбай, Баян, Райымбек, Малайсары, Наурызбай, Жәнібек және тағы сол сияқты батырлар, халықтың бостандығы, келешегі үшін жоңғармен талай рет соғысқан. Жаның тәуекел етіп, шайқастарда жекпе-жекке шыққан. Не үшін? Халық, ел үшін! Адами қасиеттердің мол болғандықтан соғысқан.
Бұның пайдасын қазіргі бейбіт заманда біз көріп тұрмыз! Жалпы сол көне замандағы батылардың барлығы дерлік әрі батыр, әрі ақын, әрі шешен, әрі би мен көсем бола алған.
Сонау заманда батырлық жекпе-жекке шығу, шайқастарда соғысу болса, бүгінгі бейбіт заманда батырлық бұл білім алу, оқу, оқып еліне пайдалы болу батырлық боп есептелінеді. Бүгінгі күні білім алып елге пайдасын жаратудан артық батырлық жоқ!
Жаман адам
Адам бойында жаман қасиеттер көп болса бұларды жаман адам дейді. Адам бойындағы жаман қасиеттер бұл жоғарыда келтірілген қасиеттерге қарама-қайшы болатың қасиеттер. Мысалы еңбекқорлыққа қандай қасиет қарама-қарсы болады? Жалқаулық. Батырлыққа ше? Адалдыққа ше? Жауапкершілдікке ше? Әдептілікке ше?
Санат: Руханият