Осы жерде балабақшалар жайында мәлімет бар. Балабақша бұл баланы тәрбиелейтің орын, мекеме. Бала бұнда оқу, сурет салу, өзгелермен ойнауды үйренеді.
Хабарландыру жоқ!
Сайтқа тіркеліп, бірінші боп осы қалада (категорияда) хабарландыру бер!
Балабақшалар 19 ғасырда Еуропада пайда болған. Дәлірек айтсақ осы ғасырдың басында, Шотландия елінде, алғашқы балабақшаны ашушы Р. Оуэн. Бұл мекемеде кішкентай балаларды оқытқан. Балабақша сөзін немістің педагогы Ф. Фрёбел 1837 жылы еңгізген, немісше kindergarten деп, қазақша балалар бақшасы деп аударылады. Балалар өмір гүлі дегенді меңзеп.
Сол заманнан барлық елдерде талай балабақшалар ашыла басталды. Бұл мекеменің негізгі қызметі балаларды - қарау, тәрбиелеу, дамыту, ойнатқызу, күлдіру, тамақтандыру, түсте ұйықтату және басқалары. Бала өзге балалармен бірге ойнап, жүріп, күліп, оқып қоғамға тез сіне алады. Бала өзгелермен тіл табуды, бірге ойнауды үйренеді. Бұл қасиеттер баланың ер жетіп өскенде пайдалы болады.
Балабақшада санауды, сурет салуды, әріптерді тануды үйретеді. Кейін бала мектепке көшкенде бұл білімдер одан қарай оқуды жеңілдетеді. Кейбір балабақшалар мектептің бағдарламасын да беріп отырады. Мысалы лингвистикалық балабақшаларда ағылшын және өзге шетел тілдері оқытылады.
Еуропалық балабақшаның қазақи баламасы бұл ата мен әже үйі. Сол жерде бала еркелейді, тәрбиеленеді. Әжелер ертегілер оқып, аталар ойыншық жасап баланың көнілін алады. Мысалы Абайдың әжесі Зере оған сан түрлі ертегілер оқыған. Осының арқасында ақынымыздың қөзқарастары қалыптасты.