×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Курстар, онлайн курстар, біліктілікті арттыру курстары, тіл курстары, қолданбалы курстар

Курстар бұл мамандықты тез меңгеру не білімінізді кеңейту тәсілі. Мысалы ағылшын курстары арқылы осы тілді тез меңгеруге болады.

Хабарландыру жоқ!
Сайтқа тіркеліп, бірінші боп осы қалада (категорияда) хабарландыру бер!

Университеттер мен колледждерде көп жыл оқып уақытты босқа кетірмей. Көптеген мамандықтар үшін жоғарғы оқу орындарында оқудан гөрі курстарды өту тиімдірек, мысалы шаштараз, тігінші сияқты мамандықтарды меңгеру үшін университетті бітірудің қажеті жоқ.

Ағылшын курстары

Ағылшын курстары арқылы бұл тілді тез меңгеруге болады, бір-екі ай ішінде бұл тілді біліп, танып, шетелдіктермен еркін сөйлеуге болады. Ағылшын тілін үйрену курстарын осы жерде қосуға болады. Хабарландыру тақтамыз тегін.

Сайтқа тіркел де ағылшын курстарды қоса бер!

Онлайн курстар

Жеріміз Құдайға шүкір кең, еліміз жан-жақта мекендейді! Біреуі Атырауда, біреуі Семейде, тағы біреуі Шым қаласында! Қалын елім, қазағым! Сондықтан онлайн курстар елімізде үлкен сұранысқа ие, біреу ауылда отырып қаладағы ұстазбен интернет арқылы хабарласа алады. Білмегенің сұрап онлайн курстары арқылы білмегенің біліп білімінің толықтыруы мүмкін.

Сайтқа онлайн курстарын қосыңыз!

Біліктілікті арттыру курстары

Біліктілікті арттыру курстары бұл күнде қажет, бұл заман талабы. Технологиялар тез дамып, жаңа дүниелер пайда болады. Заман ағымына ілесіп, көштен қалмағыныз келсе біліктілікті арттыру курстарын өтіп тұрыныз.

Бұндай курстар әсіресе жоғары оқу орындарын бітіріп жұмыс істеп жүрген мамандарға қажет. Мысалы дәрігерлерге немесе заңгерлерге. Жаңа дәрі шығып, ауруды емдеудің жаңа тәсілі пайда болып қалса, бұны үйрену керек. Немесе заңгерлерге жаңа заңдарды білу, тану үшін біліктілікті жоғарлату курстарын өту керек болады.

Тіл курстары

Ағылшын тілінен басқа да тіл курстары үлкен сұранысқа ие, мысалы қазақ тілі курстары. Немесе орыс тілі курстары. Бұндай тіл курстары арқылы өзге тілді тез меңгеруге болады.

Қолданбалы курстар

Қолданбалы курстар көмегімен сіз шаш қиюды, ою-өрнек құрауды және өзге де пайдалы дүниелерді тез меңгере аласыз. Кейін оқуды бітіріп сертификат алып кей жерлерге жұмысқа тұра аласыз, алғашында шәкірт ретінде, кейін үйреніп білікті маман бола аласыз.