Заңгер - адамның не компанияның құқығын қорғайтын маман.
Бағасы: 5000 тенге
Телефоны: +7(701) 139-40-29
Уақыты: 04.07.2019 жыл
Қала: Алматы
Үйді сатып алғанда, адамның құқықтары бұзылғанда, соттасқанда және өзге заңмен байланысты мәселелер туындағанда заңгер кеңесі қажет. Заңгерлік қызметтерге - адвокаттың, нотариустың және өзгелердің жұмысын жатқызуға болады.
Заңгерлік көмек адамның құқықтарын сақталуы үшін қажет, адам өз құқықтарын өзі бұзуы мүмкін, мысалы кредит алғанда банктің шарттарын оқымағанда. Немесе үйді ипотекаға алғанда, ипотеканың шарттарын білмегенде.
Тағы бір жиі кездесетің заң бұзушылық бұл жұмысшылардың рәсімдеусіз жұмысқа қабылдануы, жұмыс беруші мекеме мен жұмыскердің арасында жұмысқа алу деген қағазға басылған немесе электронды шарт болмаса, жұмысшыға ай соңында жалақы төленбеуі мүмкін. Адам босқа бір ай жұмыс істеуі мүмкін, бірақ жалақы ай соңында төленуі де мүмкін, себебі кейбір компаниялар салықты төлемеу үшін жұмысшыларды рәсімдемейді, жұмыскерлерді алдау үшін емес. Ақ, қарасын айыру қиын.
Заңгер мамандығы ең танымал мамандықтардың бірі, экономистер, менеджерлер сияқты. Себебі адамдарға заңгерлер қажет, қарапайым адамдар заңды біле бермейді, Қазақстан Республикасының том-томдаған заңдарын жаттау үшін көп жыл қажет. Бұны алаяқтар пайдаланады, алаяқтар қарапайым адамдардың, момын қазақтың заңды жетік білмейтіндігін пайдаланып елді алдап ойлағанына жеткісі келеді. Елді алдап мол табысқа жеткісі келеді.
Үлкен, кішілі қалалардың барлығында заң бұзушылықтар бар. Заңгер қарапайым адамдардың құқықтарын қорғайды.
Адамдар мен компаниялар заңгерді ақы беріп жалдайды, заңгер міндеті бұл болған істі тексеру. Заң бұзушылық болды ма? Кім айыпты? Заң бұзушылық болса бұның салдары қандай? Деген мәселелерге заңгерлер жауап береді. Заң бұзушылық болса заңгер міндеті істі сотқа жіберу және сотта заң алдында шағымдаушы адамның құқықтарын қорғау.
Мысалы бір алаяқ халықтан үй берем деп ақша жинап жоқ болса, ақшаны өз пайдасына жұмсап елді алдаса іс сотта қаралуы мүмкін. Алданған жақ заңгерді жалдап барлық дәлелдемелерді жинап, істі сотқа жіберіп бұндай алаяқты соттауы мүмкін.