×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Есім хан - Еңсегей бойлы, ер Есім

Создание интернет магазина

1598 жылы, Бұқар маңында Есім сұлтанның ағасы Тәуекел хан, жарақаттанады да көп ұзамай қайтыс болады. Бұл Бұқар жорығы кезінде еді. Есім сұлтан ол кезде Самарқант қаласында 20 мың әскерімен жаулап алынған қаланы қорғап отырған. Самарқант қаласы бұрынғы Әмір Темір мемлекетінің астанасы және кейін, қазаққа жау боп кеткен Шайбани әулетіне тиісті қала болған еді.

Тәуекел хан қайтыс болғаннан кейін, халық қазақтың ханы етіп оның інісі - Есім сұлтанды сайлады. Есім хан бірден Бұқар хандығымен бітімге келіп, соғысты аяқтады. Осы соғыста Есім ерекше ерлік көрсетіп, халыққа "Еңсегей бойлы, ер Есім" деп атана бастады.

Есім ханның ескі жолы

Тарихта "Есім ханның ескі жолы" деген атпен осы ханның заңдар жинағы белгілі. Бұнда жер, мал, әскер ісі, әйелдердің құқықтары, кедейлерге көмектесу және тағы сол сияқты тақырыптарды қамтыған заңдар бар еді. Бұл Қазақ хандығының конституциясы еді.

Заңға бағыну тәртіпті орнату дегенді білдіреді.

Тұрсын ханның жаулығы

Ташкент қаласы сол кезде Қазақ хандығына еңетін еді. Және оның билеушісі Тұрсын сұлтан, Есім ханға бағынбай, жеке билік құрғысы келді. Бүткіл қазақтың ханы болғысы келді. Өзін Ташкент ханы етіп жариялады. Тұрсын ханға Бұқар хандығының билеушісі Иманқұл хан демеу болды.

Есім хан елдің берекесін кетірмеу үшін Тұрсын ханды жазаламайды, оның бүлігін қалын әскер жинап баспайды. Себебі көп елдің қырылуын қаламайды. Тұрсынды Ташкент қаласының ханы деп мойындайды.

1626 жылы Есім хан қалмаққа қарсы жорыққа аттанған еді (жоңғар мен қалмақтар осы заманнан бастап қазақ еліне шабуылдарын күшейткен еді), бұл жорықтан жеңіспен келе жатқан Есімді, Тұрсын хан тұтқиылдан шабуыл жасап, өлтіргісі келді. Бірақ ойсырай жеңіліп, өз шаһарына, Ташкент қаласына қашты.

Есім хан Ташкент қаласына өз әскерімен түнде кіріп, Тұрсын ханның күзетшілерің байлап оның басын алады. Сөйтіп елдегі алауыздық жойылады. Және Қазақ хандығы қайта күшейеді. Жалпы осы Есім хан ең қуатты хандардың бірі болған.

Пән: Тарих