×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жылдамдық, орташа жылдамдық, жылдамдық формуласы

Создание интернет магазина

Осы сабақта жылдамдық, орташа жылдамдық және жылдамдық формуласы баяндалады. Жылдамдық дененің кеңістіктегі орын ауыстыруын сипаттайтын шама.

Бұл ұғымдардың ғылым мен техникада және күнделікті қолданыста пайдалану аясы кең.

Жылдамдықтың анықтамасы

Дене бірқалыпты қозғалса, яғни бірдей уақыт аралықтарында бірдей арақашықтықты өтсе, онда дененің v жылдамдығы l орын ауыстыруды, осы орын ауыстыруға кеткен t уақыттың бөлімдісіне тең шама:

v = l/t

Орын ауыстыру метрмен ал уақыт секундпен өлшенетіндіктен, жылдамдықтың өлшем бірлігі метр/ секунд немесе м/с болады.

Дене бір түзудің бойымен бірқалыпты қозғалса (OX өсі бойымен), онда дененің жылдамдығы мына формуламен анықталады:

v = (x2 - x1)/(t2 - t1)

Мұндағы x1 мен x2 дененің сәйкесінше t1 мен t2 уақыт мезеттеріндегі координаттары.

Осы жағдайларда орын ауыстыру жолға тең:

S = l

Соңдықтан жылдамдықтың формуласын былай да жаза аламыз:

v = S/t

Орташа жылдамдық формуласы

Бірқалыпты қозғалыс табиғатта сирек кездеседі, бірқалыпты емес қозғалыс көбірек кездеседі. Мысалы қаладағы көліктердің қозғалысы бірқалыпты емес, біресе тез жүреді біресе баяу жүреді. Бұндай жағдайда орташа жылдамдық ұғымы енгізіледі.

Дене t уақытта S арақашықтығын өтсе, онда дененің орташа жылдамдығы деп vорт шамасы аталады:

vорт = S/t

Мысалы адам 3,6 км жолды жарты сағатта өтсе оның орташа жылдамдығы қандай?

3,6 км дегеніміз 3,6*1000 = 3600 метр себебі бір километрде 1000 метр бар, жарты сағатта 30 минут, бір минутта 60 секунд бар, бұдан жарты сағатта 30*60 = 1800 секунд бар.

Сонымен адамның орташа жылдамдығы:

vорт = 3600/1800 = 2 м/c.

Немесе адам орта есеппен секундына екі метр жолды өткен.

Желаяқ 18 км жолды бір сағатта жүгіріп мәреге бірінші боп келсе оның орташа жылдамдығы неге тең?

Пән: Физика

Комменттер

Бастапқы жылдамдығы 1м/с дене түзу сызықты қозғалып біраз жүргеннен кейін 7м/с жылдамдыққа ие болып. Осы жолдың ортасындағы дененің жылдамдығы.

Формуласын аиттып жіберіңішші өтініш.

Bekjan Kushabaev

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Егер орташа жылдамдық керек болса осы екеуін қосасыз да екіге бөлесіз:

v = (v1 + v2)/2

v = (1 + 7)/2 = 8/2 = 4

Жауабы: орташа жылдамдығы 4 м/с.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Өтінем көмек беріңізші 

Сұрақ:Автобус 40км|сағ пен 80 км өтті 

Сосын 35км|сағ 70 км өтті

Орташа жылдамдық қандай?

 

Жауап беру | Өзгерту | Жою